+3 дауыс
3.4k көрілді
Ата анамның арасы бұрынғыдай емес жиі ұрсысып қалады не істей аламын

7 жауап

0 дауыс
Уайымдама, бәрі жақсы болады.
Отбасы болғасын ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды.
0 дауыс
Өзің әрекет етіп татуластыр.Отбасы болған соң ыдыс аяқ сылдырлайды.
+4 дауыс
Олардың жиі ұрысуына бір себеп бар ғой жайдан-жай ұрыс шығуы мүмкін емес.Сондықтан ең алдымен сол себеп болатын нәрсені табу керек.Сосын ерлер шыдамсыздау болады жасы келген сайын соны әйел адам байқап алдын-алып ердің ашуын келтірмейтіндей етіп қою керек.Сосын әйел адам көп сөйлемеу керек.Ол үшін әйелге ептілік пен шыдам және кішкене қулық та керек.Ал сенің қолыңнан келетіні  анаңа әкеңнің көңілінен шығуы үшін үй шаруасы,киімдері дайын тамағы уақытылы дәмді болуына көмек бер.
0 дауыс
бір гүл бар қаздан басталады атын ұмытып қалдым соны бөлмесіне қой сонда ұрсыспайды
Күнәhар болма. Жансыз зат татуластырады деп ойлайсың ба?
+5 дауыс
Егер мінезіңіз ашық болса, ата-анаңызға ашып айтыңыз ойыңызды. Өзіңіздің қиналып жүргеніңізді, тату тұрғанын қалайтыныңызды. Отбасындағы жағдай балаға бәрінен қатты әсер етеді ғой. Ал проблеманы тауып оны шеш деген сіз үшін біраз ауырлау жүк болады-ау. Отбасылық мәселелерді шешу баланың қолынан келе қоя ма?! Қандай қиындық болсын татулық болса шешіледі ғой. Тек анаңызға ғана әкеме жақсы күтім жаса деп айт дегенмен де келіспеймін. Екеуіне бірдей айтыңыз. Егер айтуға батылыңыз бармаса хат жазыңыз. Ойланып толғанып айтқыңыз келгеннің бәрін жазыңыз да, 1 маусым ата-аналар күні ғой, сол күні сыйлықпен қосып беріңіз. Хатыңызда алғыс ретінде маған да сыйлық жасаңыздаршы, сіздердің тату тұрғандарыңыз ең үлкен сыйлық деген сияқты сөздер жазсаңыз әсерлі болатын сияқты.
+3 дауыс
рахмет көп көп , қолымнан келгеше тырысып көрейін
+3 дауыс
Олардың ұрысқанында тұрған еш жамандық жоқ. Егер ата - анаңыз ұрыспай, бір - бірінен сен тимесең мен тиме деп тырысып - бырысып жүрсе міне жаманы сол. Сенің олардың арасында еш жұмысың болмауы керек. Кейбір басы шикі жасөспірімдердің әкесін не болмаса шешесін жақтауының аяғы сол жанұяда аяғы жаман болып жатады. Қазақта " Ырылдарсың қаппассың менен жақсы таппассың" - деген сөз бар. Ол кісілер жиырма жылға жуық өмірлерінде талай нәрсені бастарынан өткізген, бір адам болып кеткен жұптар. Негізінен үлкен адамдардың арасындағы негізгі келіспеушілік бала тәрбиесі мен сол балаға ара түсуден болады. Сендердің ата - аналарыңа жандарың ашыса сондай жағдайларға жол бермей екеуіне бірдей қарап, тәрбиелі болып, олар сендермен мақтанатындай болуларың керек. Тауыққа жұмыртқа табу жарасқанмен, жұмыртқаның тауыққа ақыл айтуы ешуақытта ақылға қонбайды.

Ұқсас сұрақтар

...