0 дауыс
540 көрілді
Менің жұмыс істегеніме 6 ай болды ақылы демалысқа шықсам қанша күнге шыға аламын? Ақылы демалысқа қанша күнге шыға аламын?
мамандық қандай қай жерде жұмыс жасайсыз?
Белгісіз

2 жауап

0 дауыс
Ақылы демалысқа қанша күнге шығатының ол сіздің еңбек шартыңызда жазылады және лауазымдық міндетіңіз жазылған қағазда болады.Ол әр мамандықта әртүрлі белгілі бір мерзімі болады.

жалпы орта, техникалық және кә­сіп­тік, орта білімнен кейінгі жоға­ры және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақ­тығы күнтізбелік 56 күн;
оқу-әдістемелік қызметкерлері қамта­масыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары­ның педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн;
азаматтық қызметкерлер күнтізбелік 30 күн демалу құқығына ие.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 103-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. Яғни, демалыс мерзіміңізге мерекелік күндер түсетін болса, ол күндерді есепке алдыртпауыңызға толық құқығыңыз бар. Яғни, 56 күн демалыстың ішінде, мысалы Астана күні түссе, онда 57 күн демала аласыз.
0 дауыс
6 ай ғана болса әлі берілмейді. 1 жылдан аса жұмыс жасасаңыз беріледі. Қандай мамандықпен жұмыс істейсіз? Оны білмей қанша уақытқа берілетінін кесіп айта алмаймыз.
...