+2 дауыс
6.8k көрілді
Армандарым көп! сол армандарлың жүзеге асуы үшін не істеу керек?

6 жауап

+1 дауыс
Алға қарай ұмтылу керек.Талпынысыңды жоғарылатуың керек,сабағыңды жақсы оқуың керек.Ең бастысы үмітіңді үзбеу керек!)
0 дауыс
Арман Көп болса жетуде кыйн, анык жақын арадагы арманыңызды белгіліеп алыңыз содан кейин қайтпас минез керек.
Арманға бирден жетпейсин сол ұшын жети рет жыгылмаганшы ұмтыла беру керек!
+1 дауыс
Егер сен ұша алмасаң, онда жүгір
Егер сен жүгіре алмасаң, онда жүр
Егер сен жүре алмасаң, онда еңбекте
Алға қарай жылжи бер, тоқтама!
Кереметсiң ғой Медет, недеген сөздер!
Кешірерсіз, мені Медетпен шатастырмаңыз. Оның аккаунты басқа, менікі басқа. Мені ол деп ойламаңыз
Почерткаң ұқсайды екенда. 387-балл Модератор керемет!
Модератор болған сәтте тіпті аз еді. Мод болғасын шамалы болсын белсенді болып жатырмын.
+3 дауыс
Арманыңыз көп болғаны жақсы екен. Арманға жеткеннен гөрі оны қуып жүрген сәттер әлдеқайда қымбат әрі бақытты. Солай емес пе? Кейде бір мерекені немесе атаулы күнді қашан келер екен деп асыға күтеміз. Ол күн де өтіп кетеді. Сосын жан дүниеміз бір түрлі құлазып қалады ғой. Арманға жеткенде де адам сондай күйді басынан кешіретін сияқты. Сол үшін арманыңыз көп болғаны зор қуаныш деп ойлаймын. Арманға жету үшін не істейм дейсіз бе? Қолыңыздан келгенді де, келмегенді де істеп көріңіз. Бастысы арманға жету емес, оған баратын жолды қалай мағыналы жүріп өту. Тіпті кейде қанша тырыссаңыз да арманға жетпеуіңіз мүмкін. Себебі өмір сізге арманыңыздан әлдеқайда қымбат сый дайындап қояды. Сондықтан армандай беріңіз, орындалмаса да ештеңе етпейді. Армансыз қалмасаңыз болғаны^^
0 дауыс
Көп арманның бәрі орындалмайды, жобаға келетіндерін ғана арманда.
–1 дауыс
1-ереже: Арманды міндетті түрде қағаз бетіне түсіруіміз керек. Ауызға оңай болғанмен, іске келгенде ең керекті арманды таңдау қиынға соғады. «Мен өз үйімнің болғанын қалаймын». Дұрыс жазылған ба? Эзотериктердің пікірінше, бұлай жазу – қате. Мұндай арман орындалады, бірақ қашан? Яғни мезгілсіз армандарды ойлаудың да қажеті жоқ. Сондықтан келесі заңға көшейік:

2-ереже: Арманның мерзімі болуы тиіс. Мысалы, «2014 жылдың 23 мамырында джип көлігіне ие боламын». Мұны «ие болғым келеді» деп болжап жазу да қате. Енді келесі ережеге көшейік:

3-ереже: Дұрыс тілек осы шақта ғана жазылады. «Мен бас қаламыз Астанаға оқуға барғым келеді» дегенді «Мен бас қаламыз Астанаға барамын» деп алмастырыңыз. Бұдан өзге «Мен кедей болғым келмейді». Дұрыс жазылған ба? Әрине, жоқ. Болымсыз етістіктің көмегімен жазылған тілектер еш уақытта орындалмайды. Жақсы сөз жарым ырыс демекші келесі ережемізді де ескеріңіз:   

4-ереже: Өзімізге болымсыз етістігі бар сөйлемді айтуға тыйым салайық. Мұнымен қатар тілегіміз орындалу үшін ол туралы нақтырақ жазғанымыз дұрыс. Осыдан 5-ші ережеміз пайда болады.

5-ереже: Дәлдік пен эмоция көбірек болсын. Мысалы, шет елге барғыңыз келсе, тілегіңізді жазып отырған кезде сол жақта жүргендей елестетіңіз.

Сіздің арманыңыздың орындалуы өзгелерге зиян келтірмеуі маңызды. Бұл қағида келесі ережемізге сілтеме жасайды.

6-ереже: Кез келген тілегіңізді жазып болған соң, жағымды сөздермен қорытындылаңыз. «Өмірім ерекше сәттерге толы болсын. Арманымның маған да, өзгелерге де пайдасы тисін». Тілегіңізді жоғарыдағы ережелерге сәйкес қағаз бетіне түсірген соң, ол туралы мүлде ұмытыңыз. Сіздің оны ойлап қобалжыған сәттеріңіз орындалуына кедергі жасайды.

7-ереже. Арманыңызды ойлай бермеңіз. Оны ұмытып, іске кірісіңіз. Бұл арманыңызды қағазға жазып қойып, ертегідегідей  таңғажайып болады деген сөз емес. Әрекет жасамасаңыз, армандарыңыздың орындалуы үшін беріліп жатқан мүмкіндікті жіберіп алуыңыз да ғажап емес.

Армандардың осылай жүзеге асатынына бірі сенсе, екіншісі күдікпен қарайды. Мұны жүзеге асырып көру өз еркіңізде. Ол туралы Ронда Берннің кітабы желісі бойынша түсірілген «Құпия» («Секрет») фильмі де баяндайды.
...