1-ереже: Арманды міндетті түрде қағаз бетіне түсіруіміз керек. Ауызға оңай болғанмен, іске келгенде ең керекті арманды таңдау қиынға соғады. «Мен өз үйімнің болғанын қалаймын». Дұрыс жазылған ба? Эзотериктердің пікірінше, бұлай жазу – қате. Мұндай арман орындалады, бірақ қашан? Яғни мезгілсіз армандарды ойлаудың да қажеті жоқ. Сондықтан келесі заңға көшейік:
2-ереже: Арманның мерзімі болуы тиіс. Мысалы, «2014 жылдың 23 мамырында джип көлігіне ие боламын». Мұны «ие болғым келеді» деп болжап жазу да қате. Енді келесі ережеге көшейік:
3-ереже: Дұрыс тілек осы шақта ғана жазылады. «Мен бас қаламыз Астанаға оқуға барғым келеді» дегенді «Мен бас қаламыз Астанаға барамын» деп алмастырыңыз. Бұдан өзге «Мен кедей болғым келмейді». Дұрыс жазылған ба? Әрине, жоқ. Болымсыз етістіктің көмегімен жазылған тілектер еш уақытта орындалмайды. Жақсы сөз жарым ырыс демекші келесі ережемізді де ескеріңіз:
4-ереже: Өзімізге болымсыз етістігі бар сөйлемді айтуға тыйым салайық. Мұнымен қатар тілегіміз орындалу үшін ол туралы нақтырақ жазғанымыз дұрыс. Осыдан 5-ші ережеміз пайда болады.
5-ереже: Дәлдік пен эмоция көбірек болсын. Мысалы, шет елге барғыңыз келсе, тілегіңізді жазып отырған кезде сол жақта жүргендей елестетіңіз.
Сіздің арманыңыздың орындалуы өзгелерге зиян келтірмеуі маңызды. Бұл қағида келесі ережемізге сілтеме жасайды.
6-ереже: Кез келген тілегіңізді жазып болған соң, жағымды сөздермен қорытындылаңыз. «Өмірім ерекше сәттерге толы болсын. Арманымның маған да, өзгелерге де пайдасы тисін». Тілегіңізді жоғарыдағы ережелерге сәйкес қағаз бетіне түсірген соң, ол туралы мүлде ұмытыңыз. Сіздің оны ойлап қобалжыған сәттеріңіз орындалуына кедергі жасайды.
7-ереже. Арманыңызды ойлай бермеңіз. Оны ұмытып, іске кірісіңіз. Бұл арманыңызды қағазға жазып қойып, ертегідегідей таңғажайып болады деген сөз емес. Әрекет жасамасаңыз, армандарыңыздың орындалуы үшін беріліп жатқан мүмкіндікті жіберіп алуыңыз да ғажап емес.
Армандардың осылай жүзеге асатынына бірі сенсе, екіншісі күдікпен қарайды. Мұны жүзеге асырып көру өз еркіңізде. Ол туралы Ронда Берннің кітабы желісі бойынша түсірілген «Құпия» («Секрет») фильмі де баяндайды.