+2 дауыс
55.2k көрілді
Балық пен өсімдік туралы мақал-мәтел керек.

Балық жеген тоқ болар,

Әл-дәрмені жоқ болар.

Балық өңешінен өткенін жейді.

Балық байлығы – етек жеңің кепкенше.

Балық басынан шіриді,

Су басынан бұзылады.

Жар құласа, жайын өледі.

Жайынның құйрығын жеген жатпас.

Балық жоқта бақа да балық.

Балықтың тілін бақа біледі.

Балық аулай алмаған суды лайлар.

Балықтың да сегіз қанаты бар.

Судағы балықты иеленбе,

Ол әлі сенікі емес.

Балық жеген «су, су» дейді,

Көлік айдаған «шуу, шуу» дейді.

Балықта сүт болмайды,

Шабағын теңіз асырайды.

Балығы болмаған көл құрысын,

Киігі болмаған шөл ңұрысын.

Жандыда балық үлкен,

Жансызда қамыс үлкен.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
  1. Арпа, бидай —Ас екен,Алтын, күміс —Тас екен.
  2. Жемісті ағаштың басы төмен.
  3. Егінші жылда арманда,Балықшы күнде арманда.
  4. Не ексең, соны орарсың.
  5. Күріш арқасында күрмек су ішер.
  6. Екпей егін шықпас,Үйренбей білім жұқпас.
  7. Шегірткеден қорыққан егін екпес.
  8. Егіндікті күз суар, Күз суарсаң, жүз суар.
  9. Диқан жауында тынады,Балықшы дауылда тынады.
  10. Ағашы аласа болса да,Алмасы тамаша.
  11. Мәуелі ағаш — майысқақ.
  12. Балық бәсін алады, Елін есесін алады
  13. Су ішетін арығы жоқ елдің, Сүзіп алатын балығы жоқ.
  14. Қисық бұтаққа да, Қызыл жиде бітеді.
  15. Су басынан тынады,Балық басынан шіриді.
  16. Балықшының байлығы,Етек, жеңі кепкенше.Егіншінің байлығы, Ендігі жыл жеткенше.
  17. Су болмай балық аулауга болмас, 
  18. Жүз жыртпай дау даулауға болмас.
  19. Судағы балыққа қуанба, өлі сенікі емес.

     
+7 дауыс
Балық басынан шіриді.

Бақа көлінде патша,
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.

Балық іздесең, көлге бар,
Береке іздесең, елге бар.
балық  басынан, опел  астынан  шірейді
+6 дауыс
Бір тал кессең, он тал ек. .   .. .. .. .. .. ..
рахмет КӨРКЕМ!!!!!!!!!
+3 дауыс
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі. Жел соқпай шөптің басы қозғалмас
+3 дауыс
1.Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады
2.Қорада малың болсын, көшеде талың болсын
+2 дауыс
Жалғыз ағаш орман болмас.
Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді.
Жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені сынғаны.
...