Девальвация (лат. de - күшін жою; valeo — мәнді, құны бар) - халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы курсының төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, мемлекеттің төлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы.
Әдетте, елдің сауда теңгерімі мен төлем теңгерімінің күрт нашарлауының, валюталық сақтық қорлардың (еркін айналыстағы шетелдік валюталар қорының және халықаралық шарт негізінде шетелдегі шоттарда және халықаралық валюталық-несие ұйымдарында, мыс., Халықаралық валюта қорында, құрылған арнаулы сақтық қаражаттың, сондай-ақ шетелдік банкнот, монета, т. б. қорының) сарқылуының, халықаралық нарықтарда ұлттық валюта бағамының құлдырауының салдары болып табылады. Ашық және жасырын девальвация түрлеріне бөлінеді. Ашық девальвация заңды тұрғыда танылған девальвация, алтын қорынан өтелмейтін көлемде қағаз ақшаларды айналыстан алу немесе айырбастау есебінен валютаның ресми бағамын төмендету.Гиперинфляциядан кейін валютаны тұрақтандыру әдісі. Жaсырын девальвация — ресми жария етілмеген девальвация, мемлекеттің құнсызданған ақша купюраларын айналымнан алмай-ақ ақша өлшемінің нақты алтын баламын төмендетуі.