0 дауыс
34.6k көрілді
Тәуелсіздік тұғырым деген эссе керек?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлан байтақ жері бар, сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз. Бүгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз орынын ойып алған, Азия мен Европаны мойындата білген өжет елдің мекені.
Тәуелсіздік алып келген жетістік те, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.    Соның бірі – Астана. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Бас қала, орман қала – жас қаламыз өнер-білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда.
Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға.  Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!
...