+2 дауыс
15.4k көрілді
Қазіргі кезде әлем ғаламторға тәуелді болып барады. Жасалатын жұмысымыздың бәрі ғаламторға тірелетін болып қалды. Оның үстіне әлеуметтік желілер деген торына түсірген барлығын дерлік. Осы ғаламтормен күресу үшін қандай шаралар қолдану керек? Торынан құтылу үшін не істеу керек? Болашақты елестетіп көріңіз, бұлай кете берсе не болатынын ойлап көріңіз. Осыдан он жыл бұрын адамдар қандай еді?
Тәуелді болатындай не болды сонша)
Көріп жүрміз ғой, талай адам әлеуметтік желіден бас алмайды.

8 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір заттан құтылыу ұшын оған қарсы барсаң одан құтылмайсын, қайта оны дамытып жібересін бұл заңдылық,  Сол ұшында Ғаламторға тәуелділіктен қашпай оған көніккен дұрыс.  Ғаламторды әліде терең менгеріп одан күнделікті көбрек пайда алыу жолдарын үйренген дұрыс деп есептеймін !!!
+3 дауыс
Басқа да қызықты әрі пайдалы істермен айналысыңыз. Мысалы әдеби кітаптар оқыңыз. Үй шаруасымен айналысыңыз. Жақындарыңызға уақыт бөліңіз. Көп қой. Уақыт бөліңіз,ой бөліңіз. Ғаламтордан да басқа да қызықты,пайдалы нәрселердің бар екеніне көз жеткізіңіз және олардың бағасын біліңіз.
+4 дауыс
Одан құтылу жоқ. Тек ғаламтор бізді емес,  біз ғаламторды өзгертуіміз керек.
+4 дауыс
Мен де бұрын ғаламторға тәуелділікпен қалай күресем деп ойлайтынмын. Негізі, қазір мамандар интернет пен өмірді қабыстыруға тырысып жатыр. Ең бастысы, орынды пайдалану. Адам ғаламторға шынайы өмірдегі қиындықтарын ұмыту үшін тәуелділікке тап болуы мүмкін. Әлеум.желінің әлеуметке қалай әсер ететінін  Әліби оқиғасы арқылы көрдік.
Әліби сендерге де жеткен бе?
Не нәрсе ол?
+3 дауыс
Бiр жерден көргенiм бар едi, интернеттен арылу үшiн екi қолын шауып тастағанын бiр топастың... Мен интернетке зерiккеннен емес, демалу үшiн кiрем. Уақыты келедi екен өзi, интернетке кiру арман болатын кез. Бұдан арыламын деп арыла алмайсың.
+3 дауыс
Бірінші, ғаламторға не үшін кіретініңді анықтап ал. Мен: 1. Жаңалық оқу үшін.
2. Достармен сөйлесу үшін.
3. Бір қыз үшін кіретін едім))
қазір үшінші себеп жоқ, соған сәйкес ғаламторға кіруім де азайған, ал күні бойы жұмыста болсам ғаламторға мүлдем аз кіремін, тіпті кейде кірмеймін.
Сол үшін ғаламторға мүлдем қатысы жоқ жұмыс немесе хобби (спорт, білім жағынан) табуың керек. Шыны керек, ғаламторға кірмеу бір жағынан өте керемет, екінші жағынан жаман (әлемнен алыстағандай болып қаласың).
+2 дауыс
Жаңа ғасырдағы жаңа ауру – адамның интернетке тәуелділігі. «Ғаламторға тәуелділік дегеніміз ауру ма?» деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады, яғни, тартысқа толы сұрақ. Егер алкагольді ішімдіктерге тәуелділікті ауыр екендігін бұрыннан-ақ білсек, интернетке тәуелділікті де аурулар қатарына жатқызуға болады ма? Қанша дегенмен де ұқсастықтары баршылық. Шетелде ғаламторға тәуелділік мәселесі 20 жылдан аса уақыт зерттеліп келеді. Көп уақыт бойы Қазақстан бұл мәселеден тыс болып келген. Бірақ, кенеттен ашылған ғаламтор мүмкіндіктеріне жастардың көп бөлігі қызықты. Ғаламторды қолданушылардың санының көбеюі, бір жағынан – жаңа виртуалды қарым-қатынасты ойлап табу, екінші жағынан – кешенді алдын-алу шаралардың болмауы ғаламторға тәуелді қолданушылардың тез көбеюіне әкеліп соқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, компьютер алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін жағымсыз сезінеді екен. Компьютердің ең көп зақымдайтын объектісі – біздің көзіміз. Ақылды машинаның алдында үзіліссіз 5-6 сағат отырған адам «компьютерлік көру синдромы» деген дертке шалдығады. Компьютерге жиі телміру жүйке жүйесіндегі ауытқушылыққа, кей жағдайда инфаркт пен инсультқа соқтыратын психопатиялық кеселдерге ұрындыруы да ықтимал.

Әлеуметтік желілер –«дерттің» қоздырушылары 50 млн тыңдарман жинау үшін радио 38 жыл уақытын сарп етсе, теледидар дәл осынша аудиторияны 13 жылда, ал интернет небәрі 4 жылда бағындырған екен. Ал, Facebook әлеуметтік желісі 200 млн тұтынушыны жинау үшін көп «қиналмаған». Бір жыл ішінде осыншама адамды өзіне қаратқан. Ғаламторға тәуелділікті қоздырушы «вирустардың» қауіптісі де – дәл осындай әлеуметтік желілер. Әлемдегі 30 жастан асқан адамдардың жартысынан астамы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеуметтік желілерде тіркелген екен.

Интернет арқылы жүзеге асатын әртүрлі қызмет түрлері, нақты айтсақ, қарым-қатынас, таным және ойын (көңіл көтеру) және т.б. адамды толығымен қамтып, оған басқа да қызмет түрлеріне уақыт та, күш те қалдырмайды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта«ғаламторлық аддикция» (Internet Addiction Disorder, немесе IAD) немесе «ғаламторға тәуелділік» феномені (ауру немесе синдром) жіті талқылануда.

Ол үшін үйде интернет компютер болмау керек,телефонын интернетке кірмейтін болуы керек сияқты немесе бос уақытың мүлдем болмауы керек.
+1 дауыс
Спорттыңкөптеген үйірмелеріне бар.Өзіңе ғаламторға отыратын уақыт қалдырма
...