0 дауыс
289 көрілді
Мен жұмыс істейтін компания жұмысын тоқтатқалы жатыр. Компания біз тәрізді қарапайым қызметкерлермен қалай есептесуі тиіс?  Жабылғалы тұрған компания қызметкерлерімен қалай есептесуі керек?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚР Еңбек кодексінің 157-бабына сәйкес, төмендегі жағдайларда жұмыс беруші жұмысшыларының жұмыстан босауына байланысты бір айлық орташа жалақы көлемінде компенсациялық төлем жасайды:

1) жұмыс беруші тарапынан екі жақты келісімшарт бұзылып, заңды немесе жеке тұлғаның шаруасы ликвидацияланған, яғни таратылған жағдайда;

2)қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылып, жұмыс беруші тарапынан келісімшарт бұзылған болса.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған кодекстің 110-бабына сәйкес, қызметкердің еңбек келісімшарты тоқтатылған жағдайда, оның жыл сайынғы еңбек демалысы толық немесе жартылай пайдаланылмаған болса, еңбек демалысының әр күніне компенсациялық төлем жасалуы тиіс.
...