+1 дауыс
575 көрілді
Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) қандай басқару және атқару органдарының құралдары? ДКҰ хатшылығы қай елде орналасқан? Дүниежүзілік кеден ұйымы қай елде орналасқан?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Дүниежүзілік кеден ұйымының басқару және атқару органдары:

1.Кеңес;

2.Саяси комиссия;

3.Құқық қорғаушы комитет;

4.Тұрақты техникалық комитет;

5.Шығу тегінің елі мәселелері жөніндегі техникалық комитет;

6.Кедендік баға беру жөніндегі техникалық комитет;

7.Үйлестірілген жүйе жөніндегі комитет;

8.Қаржылық комитет;

9.Үйлестірілген жүйені қайта қарау жөніндегі қосалқы комитет;

10.Ғылыми қосалқы комитет.

Тұрақты түрде әрекет ететін орган – ДКҰ хатшылығы Белгияның Брюссель қаласында орналасқан, оның штаты 104 қызметкер және 17 техникалық атташеден құралады.

Дүниежүзілік кеден ұйымының жұмыс органдары – Тарифтер және сауда жөніндегі директорат, Құқық қорғау қызметі және халықаралық саудаға жағдай жасау жөніндегі директорат, Институционалды даму жөніндегі директорат, Кедендік қызметтің негізгі бағыттары жөніндегі комитеттер мен қосалқы комитеттер.
...