0 дауыс
955 көрілді
Менің қазіргі зейнетақы қорының жүйесіне көңілім толмайды. Біздің жиған ақшамызды банктерге беріп, енді олар оны бізге үлкен пайызбен несие қылып беріп жатыр. Осы орайда сұрайын дегенім, зейнетақы қорында жинақталған ақшамды қайтарып алуыма бола ма? Оны қандай жағдайда алуға болады? Зейнетақы қорындағы ақшамды қайтарып алуыма бола ма?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры маманының мәліметінше, ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 23-1-бабына сәйкес, ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері мына адамдарға есептеледі:

– 55 жасқа толған;

– мүгедектер;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдар.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады (ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы­ның 23-3б. 6т.) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
...