+1 дауыс
86.7k көрілді
Безеу қаптап кетті. Беттегі безеуді тазарту. Безеуді оңай, әрі жылдам қалай кетіру жолдары бар ма?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

безеу

Тері тесікшелері жабылып, инфекцияланса, теріде безеулер қаптап кетеді. Олар қышып, ауырып тіпті жарылуы да мүмкін. Безеулер көбіне маңдай, иек, мұрын, арқа, иықта шығады. Бұл жерлерде май бездері көптеп шоғырланған.

Безеулер жастардың жыныстық жетілу кезінде жиі кездеседі. Дұрыс тамақтанбау, күнделікті өмірде алатын стресстер де безеудің пайда болуына әкеледі.

Теріге күтім жасамай, оны күнделікті ұйықтар алдында тазалап отырмасаңыз – безеудің пайда болуына жағдай туғызасыз. Күні бойы бетте шаң, кір, микробтар жиналады. Олардан бетті тазаламаса, беттің демалатын тесікшелері жабылып, ісініп,безеудің пайда болуы заңдылық.

Басты ереже: безеуді сығуға болмайды! Мұны тек стерильденген құрал-жабдығы бар арнайы дәрігер ғана тазалап, емдей алады. Әйтпесе онсыз да қабынып тұрған теріңізге тағы қосымша инфекция кіргізесіз.

  • Безеумен күресуде 1-2% салицил қышқыл ерітіндісі жақсы көмекетеседі. Ол теріні кептіреді және микробқа қарсы әсері бар. Бұл ерітіндімен бетіңізді күніне 1-2 рет тазалап тұрыңыз.
  • Безеуді арылудан түймедақ тұнбасы да жақсы әсер етеді. Күніне 5-6 рет бетіңізге түймедақ компресін жасаңыз.
  • Алоэнің шырыны да безеуге ем. Кәдімгі үйіңізде өсіп тұрған алоэның бір сабағын үзіп алыңыз да оның шырынын безеуге жағыңыз.
  • Кептірілген қырмызы гүлінің жапырақтарының 1 ас қасығын 0,5 л. қайнақ сумен араластырыңыз. 30 минут бойы тұнып тұрсын. Суыған соң, жапырағын сүзіп алыңыз. Осы тұнбамен күніне 3 рет безеудің үстінен тазалап сүртіңіз.
  • Лимонның жаңа кесілген бір дөңгелегін безеудің үстіне 10 минутқа қойыңыз. Тәулігіне 1-ақ рет жасаңыз.
  • Ас содасын сумен тең мөлшерде (1:1) араластырып, безеуге жағыңыз. Күніне 1 рет, 1 минутқа ғана істеңіз.
  • Көк шайдың компресі де беттің қызаруын басады. Ол үшін марляны көк шайға малып, бетке бірнеше минутқа қойыңыз.

Дұрыс тамақтанбау да безеуге әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан тәтті, тұзды және ащы тағамнан аулақ болыңыз. Бұл тағамның бәрі май бездерінің қызметін күшейтеді. Көбірек көкөніс, жеміс-жидек жеп, айран, йогурт, сүт ішіңіз. Безеу - асқорыту жұмысының бұзылғанының көрінісі. Сол себепті диета ұстанып, таза су ішіңіз.

Мына жерден оқып көріңіз: http://comode.kz/post/uhod-za-soboj/bezeuden-tylu-zholdary/

0 дауыс
Бетті тазалап жуу керек алдымен. Содан жуаны(пиязды) алып қалыңдап турап(домалақтап) бетке он минут қойыңыз(безеуге) сосын жуып тастаңыз. Ертесіне-ақ нәтиже байқайсыз.
0 дауыс

Кир событие жуыныз

0 дауыс
Жаңа лимонды бөлікке бөліп бетінізге қойыныз,сосын алып тастап бетінізді жууыныз,күніне 1рет қана істеңіз.
0 дауыс
Екі ас қасық көк шайды демдеп құршайынан тазарту үшін сүзгіштен өткізіп суытып азанда кешке бетті сол шаймен жусақ екі үш күнде кетеді деп естігенмін
...