+1 дауыс
13.6k көрілді
Туған жер тақырыбында эссе жазу?

2 жауап

+1 дауыс
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан сүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың,-деп ақын Әбу Сәрсенбаев жырлағандай, мен де өз туып өскен жерім, ауылым туралы ой қозғамақшымын. "Туған жер", "Кіндік қаны тамған жер" деген сөзді әр адам өз өміріңде киелі орын деп санайды деп ойлаймын.

Менің туып өскен жерім - батыр да ақын Малайсары Тарханның ауылы. Менің ауылым шағын әрі көрікті. Ауылдың ауасы таза, суы мөлдір, табиғат жанға жайлы. Жасыл желекке оранған ауыл табиғатына серуендеуге шықсаң, жаның жай табада. Салқын самалы есіп, еріксіз терең ойға батырады. Қиялың сан - саққа жүгіріп алдан арман қол бұлғайтындай болады. Ауыл кеші керемет жан тыныштығына бөлейді. Танымал ақын да, сыршыл сері де, күміс көмей әнші де осы ауыл табиғатынан нәр алып, шабыттанған.Ауылдың әр белесі, әр нүктесі, тіпті қыбырлаған жәндігіне дейін соңдай таныс, сондай ыстық. Ауылдың тұрғындары мен үшін жүздері жылы да мейірімді көрінеді. Ауылымның түтіні де мен үшін қымбат көрінеді. Ауыл өмірі, ондағы бар тіршілік адамды еңбекке баулиды, маңдай терімен тапқан несібеңнің қадірін түсіндіреді. Шыңдалып, деніңнің сау болуы мен төзімділікке тәрбиелейді.Мен ауылымның көліне шомылып, құмына аунаймын. Жеміс-жидегінең нәр алып,күніне қыздырынып, бойыма қуат аламын.

Туған жердің топырағы алтыннаң да қымбат, жан-жаққа тарап кеткен қазақ азаматтарының елге оралуыныың да себебі осы шығар. "Өзге елде cұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол"демекші өз отанының бір бөлігі болып жүргеңге не жетсін.Елбасымыз айтқандай " Отансыз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек" деген парасатты пікірі осыған дәлел болғандай. Малайсары ауылында көрікті жерлер өте көп. Бір айта салсақ кемер тұз. Кемер тұзда адамдар демалып, өз шипасын алады.

Мен үшін туған ауылым - киелі шанырағым. Осы шанырағымның шайқалмай, босағы берік болуы - біздердің, жас ұрпақтың қолында деп ойлаймын.Ауылым күннен - күнге көркейіп, гүлдене берсін деген бала тілегім бар.
+1 дауыс
Туған жер дегеніміз - біздің ата - бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әр адамда бала күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Мен Қазақстандай дархан далада, кең байтақ жерде туып өскенімді мақтан етемін. "Отан отбасынан басталады" деген аталарымыз.

Біздің елімізде бір шаңырақтың астында әр ұлттың өкілдері татулық пен достықта бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.

Туған жер - әрбір адам баласы үшін оны өткенімен және болашағымен байланыстыратын киелі мекен. Туған жер алтын бесігіміз, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, гүлдене берсі
...