+1 дауыс
3.8k көрілді
Мен интровертпін. Деседе адамдармен қарым-қатынасым жаман емес. Аса тұйық та емес сияқтымын. Бірақ таң атқаннан кеш батқанша көп адамның арасында жүретін күндер болады ғой, сондай күндері қатты шаршаймын. Энергиямның бәрін басқалар алып қойғандай болады. Маған тым болмаса 20 минутқа өз-өзіммен жеке қалу керек сияқты болып тұрады. Сондай кезде не істеген жөн? Үнемі жеке қалуға мүмкіндік бола бермейді ғой. Жалғыз өзің далаға шығып кете алмайсың. Байқаймын, көптеген адамдарға жалғыз жүрген ұнамайды. Кеттік ана жаққа барып келейік, тамақ жеп келейік дейді. Уақытын менімен бірге өткізгісі келетін жандарға ризашылығым шексіз, бірақ маған шынымен де аз уақытқа оңаша қалу ауадай қажет болады. Оны қасымдағыларға түсіндіре алмаймын. Не істеуге болады мұндай кезде?
Мизантроп деп ойлап қалмаңыздар! Мен адамдарды жақсы көрем)) ♥

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Интроверт болған жаман емес. Көптеген ғалымдар, творчестволық адамдар, сонымен қатар қыздардың басым көпшілігі интроверттер. "Адамдардан шаршау" деген психоэмоциялық шаршау. Ондайда жалғыз демалып, кітап оқып немесе сүйікті ісіңмен айналысқан дұрыс.
+1 дауыс
Менде интроверт.
Күніне бір 20 минут уақыт бөліп медитация жасап тұрған жақсы, миың тынышталады.
Негізі көпшілікке үйрене берген де дұрыс.
+1 дауыс
Қасыңыздағылар  түсінбей  жатса оны ренжітіп аламынау, соңынан маған басқаша қаарайдау,  мені ұнатпай қаладау деп басқалардың  кеуліне қарап өзіңізді көп қыйнамаңыз,  қалағаныңызша  дем алыңыз !!!

Бүкіл адамға ұнауға әрекет еткен адам ақмақ адам !!!
...