Мен интровертпін. Деседе адамдармен қарым-қатынасым жаман емес. Аса тұйық та емес сияқтымын. Бірақ таң атқаннан кеш батқанша көп адамның арасында жүретін күндер болады ғой, сондай күндері қатты шаршаймын. Энергиямның бәрін басқалар алып қойғандай болады. Маған тым болмаса 20 минутқа өз-өзіммен жеке қалу керек сияқты болып тұрады. Сондай кезде не істеген жөн? Үнемі жеке қалуға мүмкіндік бола бермейді ғой. Жалғыз өзің далаға шығып кете алмайсың. Байқаймын, көптеген адамдарға жалғыз жүрген ұнамайды. Кеттік ана жаққа барып келейік, тамақ жеп келейік дейді. Уақытын менімен бірге өткізгісі келетін жандарға ризашылығым шексіз, бірақ маған шынымен де аз уақытқа оңаша қалу ауадай қажет болады. Оны қасымдағыларға түсіндіре алмаймын. Не істеуге болады мұндай кезде?