0 дауыс
22.8k көрілді
Жігіт сұлтанына сұрақ-жауап сайысына сұрақтар керек. Тауып беріндерші! Әр түрлі тақырыпқа

1 жауап

0 дауыс
Мақал-мәтелдерді жалғастыру

1. Ағайын алтау, ана......(біреу)
2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)
4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)
5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің
6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)

Салт - дәстүр бойынша сұрақтар:
1. Жеті атаңызды атаңыз
2. Жеті қазынаға нелер жатады?
3. Үш ұғымына байланысты
Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз

4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
...