0 дауыс
35.4k көрілді
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесі тақырыбына шығарма керек?

3 жауап

0 дауыс
XX ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы мүмкіндігінше кеңінен, терең қамтылғаны бәрімізге аян. Әр санаттағы эпикалық туындылардың бастапқыда «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» аталуының өзінен тақырыптық-идеялық сипаты аңғарыла түсетін.

Әсіресе, Ғабит Мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламгердің әдеби-шығармашылығының шыңдалуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерінің әсері мол болғаны анық. Өз дәуірінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары Ғ. Мүсіреповтің жігерін жаныды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды.

Оның ана бейнесін сомдаудағы жиынтығы ретінде «Ұлпан» атты ірі эпикалық туындысы жарыққа шықты. Ақиқатында, Ұлпан – бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, ана тақырыбында жазылған шығармалардың көлемдісі.

Романға қазақ ауылының ғасырлық бейнесі, әдет-ғұрпы, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде арқау болған. Елді ырқына көндіріп, парасатымен бір қауым жұртты баурау – Ұлпан сияқты ақылды, дана әйелдердің болмысына, табиғатына тән қасиет. Қаламгер қиялында жасалған Ұлпан – аналардың анасы.

Ғабиттен бөлек, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев сынды ұлт әдебиетінің ұстындары қазақ қызының тағдыры, бүгіні деген мәселені көркем әдебиетке әкелуде орыс әдебиетіндегі Ф.Достоевский, Л.Толстой, И.Тургенов сияқты классиктердің қатыгез реалистік шығармаларына емес, сентименталды сезімге құрылған туындыларға кеңінен назар аудара отырып қаузаған сыңайлы. Содан да болар, Қамар сұлудың тағдыры оқырманды баурай түседі. Ақбілек, Шұға, Ғазиза, Күнікей, Шолпандар – реалистік прозаның жемісі. Оның әрқайсысы өткен ғасырдағы бейнелерді ашып берді.

Жалпы аналар, әйелдер бейнесін Ж.Аймауытовтың «Ақбілегінен», Б.Майлиннің «Раушан коммунисі» мен «Күлпашынан», М.Әуезовтің «Абай жолы», «Қорғансыздың күнінен», М.Мағауиннің «Аласапыранынан», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасынан» да айқын байқай, аңғара түсесіз. Мұнда жастық, сұлулық, бекзаттық, адамгершілік, сезім атаулы ұғымдардың ортақ жиынтығы жасақталған. Аты аталған туындылар қазақ әдебиетіндегі аналар мен әйелдердің көлемді галереясын қалыптастырған көркем шығармаларға жатады.

Жалпы қазақ прозасындағы аналар бейнесі, тұтастай алғанда бір жиынтық, бір желі. Аталмыш шығармалардағы бейнелердің қозғалысы, шығарманың композициясы, қуаттылығы, сол кезеңдердегі тыныс-тіршіліктің жаршысы, куәгері.

Әсілінде біз кейде әлем әдебиетімен әуестеніп кететініміз бар. Танауымыз делдиіп, Флобердің Мадам Бовариін оқығанымызды сөз етеміз. Мақтаймыз, мадақтаймыз. Әлем әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің фишкасына да балап қалатындарымыз баршылық. Некелі күйеуінің көзіне шөп салып, оны өмір бойы алдаған образ бізге өнеге ме? Өзін де, Шарль Бовариді де өлімге жеткізген бейнелер бізге қымбат па? Құнды ма? Әлде бізге Стендальдың Реналь ханымы үлгі ме? Рас, олар – әлем әдебиетіндегі үздік туындылар. Әйелдер бейнесінің үздіктері де болар… Бірақ, толыққанды ана бейнесін құрай алмайды.

Бір айтпағымыз, әлем әдебиетімен бір қатарда қазақ әдебиетінде де аналар бейнесі толыққанды жасалды. Көз алдымызға мейірім, еңбекқорлық, моральдық тұрғыдан ішкі әлемі бай нәзік жандыларды елестеткіміз келсе, жоғарыда өзіміз аттарын атаған қазақ қаламгерлерінің туындыларына жүгінеміз. Аттарын атап, шығармаларын тілге тиек еткенімізден бөлек қаншама типтік образдар бар біздің әдебиетте? Жеткілікті ме, жеткілікті.

Уақыт көші, өркениет өрісі ешқашан бір орнында тұрмақ емес. Қазіргі қалам ұстаған жас жазушылар әзірге аналар, әйелдер бейнесінің бүгінгі келбетін қалыптастыруда елеулі еңбек ете қоймағанымен, алдағы уақытта әдебиетқұмар аудиторияға бүгінгі аналардың образын жасап береді деген сенім бар. Әдебиетті оқығанда алдымен ұлт әдебиетіне зейін қойған ләзім. Өйткені, тамырымыз қазақ әдебиетінде, қазақылықта жатыр. Ендеше, ұлт әдебиетінің уызына жарығаннан асқан бақыт жоқ та шығар…
0 дауыс
"Ер ана", " Ана жыры", " Ана кесімі айнымайды", " Ақлима", " Айгүл қойшының бір күні"
0 дауыс
Ия осы тақырыпта шығарма керек
...