+2 дауыс
521 көрілді

Сотқа арызданар болсақ ақылы қызмет көрсетеді. Неліктен?

 

    

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 486 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан түсетін қаражатты пайдалану жөніндегі

Нұсқаулық

1. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражат

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының (бұдан әрі - Орталық) ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алатын қаражаты (республикалық бюджет қаражатынан басқа) Орталықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық басқармасындағы "Ақылы қызмет көрсетулерден түскен қаражат" ағымдағы шотына енгізіледі.

"Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңына (20, 22-баптар), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (108 бап), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (242 бап) және "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының жыл сайын бекітілетін Заңына сәйкес Орталық ақылы қызмет көрсетулерді мынадай түрлері бойынша: қылмыстық және азаматтық iстер бойынша сот сараптамасы өндiрiсiн, сондай-ақ Орталық қызметкерлерiнiң азаматтық iстер бойынша мамандар ретiнде қатысуын Орталық шеккен шығыстарды өтей отырып; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаларға кірмеген ғылыми, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.07. N 1414 қаулысымен.

2. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражатты пайдалану

2. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады: P090220

Орталықтың азаматтық және қылмыстық iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзгені, сондай-ақ оның қызметкерлерiнiң азаматтық iстер бойынша мамандар ретiнде қатысқаны үшiн төлем есебiне алатын сомалары сарапшылардың не мамандардың еңбегiне ақы төлеуден және Орталық шеккен шығыстарды өтеуден тұрады. Сарапшы не маман еңбегіне ақы төлеу бөлігінде Орталықтың алған сомалары республикалық бюджетке, Орталықтың шеккен шығыстарын өтеу бөлігінде - ағымдағы шотына және сот сарапшыларын кәсіптік даярлауға және біліктілігін арттыруға, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен шығыстар сметасына сәйкес сот сараптамасы қызметін материалдық-техникалық жетілдіруді қамтамасыз еуге жіберіледі.

Ғылыми, ғылыми-әдістемелік зерттеулер бойынша ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан түскен сомалар бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен шығыстар сметасына сәйкес толығымен ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге жіберіледі.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.07. N 1414 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.28. N 362 қаулысымен.

3. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан түсетін қаражат осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен пайдаланылады және қатаң мақсатты сала бойынша жұмсалады. Олардың басқарушысы Орталықтың директоры болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынған қаражатты тек бекітілген сметалар және ақылы қызмет көрсетулердің әрбір түрі бойынша нақты түскен кірістер шегінде жұмсай алады.

5. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражат сметасында көзделген сомалардан жыл ішінде артық түскен кірістер, ағымдағы жылы ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан түскен қаражаттың негізгі сметалары сияқты тәртіппен бекітілген, қосымша сомаға қосымша сметалар болған жағдайда жұмсалуы мүмкін. Сметаларға "қосымша" деген белгі соғылады.

Келіп түскен және бекітілген сметада көзделмеген кірістер он банктік күн ішінде республикалық бюджет кірісіне аударуға жатады.

6. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражат бойынша кірістер, төлемшілерден ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражат сақталатын Орталықтың ағымдағы шотына аудару жолымен не қолма-қол ақшамен тікелей Орталықтың кассасына түсуі мүмкін.

Төлемшілерге ақшаны қабылдау туралы белгіленген үлгідегі түбіртек немесе Орталықта ақша құжаттарымен бірдей сақталатын, кассалық кіріс ордері беріледі.

Кассаға Орталық қабылдаған қолма-қол ақшалар, олардың қабылданған күнінен бастап үш банктік күннен кешіктірілмей, ағымдағы шотқа түсуі тиіс. Бұл қаражатты банктің өкілетті бөлімшесіне алдын ала өткізбейінше жұмсауға жол берілмейді. Орталыққа түскен сомалардың уақытылы және толық тапсырылуына басшы және бас бухгалтер жауапты болады.

7. Ағымдағы шот бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөнінде көрсетілетін банктік қызметтерге ақы төлеуді, Орталық өздері мен банк арасындағы шарт негізінде, ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан аоынатын қаражаттың есебінен жүргізеді. Жоспарлау кезінде бұл сомалар сметаның шығыс бөлігінде көрсетіледі.

3. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражатқа сметалар жасау

8. Орталық жыл сайын ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражатқа, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген нысандар бойынша кіріс және шығыс сметаларын жасайды. P090220

9. Сметаның кіріс бөлігіне, жоспарланатын жылдағы ақылы қызмет көрсетулердің тиісті түрлері бойынша ақша қаражатының түсімдері мен жоспарланатын жылдың басындағы ақылы қызмет көрсетулердің осы түрі бойынша ағымдағы шоттағы ақша қаражатының нақты қалдығы енгізіледі.

10. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын қаражат сметасы бойынша шығыстар, олардың арнайылығына және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша бөлінуіне сәйкес көзделеді.

11. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан алынатын кірістер мен шығыстардың, қаражаттың сметаларын жасау және бекіту тәртібі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен тиісті нормативтік кесімдерге сәйкес айқындалады.

4. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан түсетін қаражаттың есепке алынуы, есептілігі және бақылануы

12. Ақылы қызмет көрсетулерді іске асырудан түсетін қаражаттың пайдаланылу есебін жүргізу, есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

...