+1 дауыс
601 көрілді
Саламатсыз ба. Мен бұрынғы күйеуімнен 1 балама алимент аламын.Мен оның екінші әйелі болғанмын. Менен кейін күйеуім алғашқы әйеліне қайта қосылды. Олардың 2 баласы бар еді, сосын 1 бала туылды.Сол әйелі арыз жазып балаларына алимент өндіруді талап еткен. Алып жүрген алиментім 2 айдан бері қысқарып айлығының шамамен 12 пайызын төлеп отыр.Сонда күйеуім бірге тұратын әйеліне алимент төлей бере ме?Қалай қалпына келтіруге болады?

4 жауап

+1 дауыс
Сұрақ түсініесіздеу екен, бірге тұрып жатса, табыстары бір қазанға түсіп жатса, бала - шағаларын бірге тәрбиелеп жатса онда алименттің керегі не деп ойлап отырмын.
0 дауыс
Маған алиментті азайту үшін істеген тірліктері ме деп отырмын. Былтыр әйелі арызданғанда екеуі жанжалдасып жүрген болатын,бірақ көп өтпей бірге жасап кетті.Күйеуімнің өзімен сөйлессем, бала-шағама 50 пайыз, өзіме 50 пайыз айлығымнан дейді.Олар бір үйде жасап жатса да, алимент оған да төлене бере ме дегенім ғой?50 пайызды 4-ке бөлгенде менің балама 12.5 пайыздан тиіп тұр. соны 25 пайызға қайта көбейтуге бола ма?
0 дауыс
Егер ерлі-зайыптылар заң бойынша ажырасса онда алимент төленеді.Ия егер олар жасырын яғни қайтадан заңды некеге тұрмаса балаларына төлене береді .
0 дауыс

Мұндай жағдайда сізге төленіп отырған алимент мөлшерінің азаюы заңды. Себебі, алимент төлеуге міндеттелген ата-ананың бірінің отбасылық, материалдық жағдайы өзгерсе немесе екінші рет үйленіп, балалы болса, денсаулық жағдайына байланысты қаржы қажет болса, алимент көлемін азайту туралы сотқа арыз жаза алады. Арызданушының сөзі дәлелденсе, сот оның материалдық жағдайын есекре отырып, арызын қанағаттандырады.

Алимент туралы маңыздың сұрақтардың жауабын мына мақаладан оқи аласыз. 

...