+2 дауыс
438 көрілді
Жаңа ғана Рысқұлов - Саин даңғылдары қиылысынан өтіп кеттім. Қалай болды? 18 Адам қайтыс болғаны распа? Интернетте неге екеу деп жатыр?

.

.

1 жауап

0 дауыс

24 сәуірде Алматыда, Рысқұлов пен Саин көшелерінің қиылысында опырылып түскен, құрылысы әлі аяқталмаған көпір осыған дейін бірнеше мәрте трагедиялық оқиғалардың ортасында болған.

2014 жылдың қаңтарында әлде бір құрылыс қызметкері «ҚазПромТрансПроект» компаниясы әзірлеген көпірдің негізгі инжинерлік план-схемасын таксиде жоғалтып алған еді.

Ал өткен жылдың сәуір айында дәл осы құрылыс алаңында 26 жасар жігіт топырақ астында қалып, көз жұмған болатын. Кейін анықталғандай, қаза тапқан жігіт «АлматыТехноСервис LTD» мердігер компанияның жұмысшысы болған.

Енді, міне айқай-шуы көп көпір қаңқасының өзі бел ортасынан опырылып түсті.

Белгілі болғандай оқиға кезінде құрылыс нысанында 55 адамдық бригада  [kopir]   жұмыс жасап жатқан. Бастапқыда 8 адам жараланып, тағы 2 адам үйінді астында қалды деген ақпарат айтылған. Кейін, көпір қираған уақытта жарақат алғандардың саны 20-ға артқан. Әзірге, зардап шеккендер мен қиранды астында қалғандар туралы нақты деректер келтірілмеген. Ал құтқарушылар қиранды астында қалғандарды арнайы ізкесуші иттер арқылы іздестіруде.

Сондай-ақ, белгілі болғаны құрысқа тапсырыс беруші және жауапты – Алматы қалалық әкімшілі мен бұрынғы  транспорт және коммуникация, қазіргі ҚР инвестиция және даму министрлігі болған. Құрылыс нысаны республикалық бюджеттен трансферлік жолмен қаржыландырып отырған және оны ҚР Қаржы министрлігі бақылауда ұстаған. Аталмыш айналма көпірдің құрылысына бөлінген қаржы бастапқыда 10,5 млрд. теңгені құраған. Жоспар бойынша көпір 2018 жылы пайдалануға берілуі тиіс болған. Ал құрылысқа жауапты қазіргі мердігер компания – «Базис А».

Кейбір сарапшылардың пікірінше, көпір құрылысындағы апат – ұйымдастырушылардың қателігінен болып отыр. Құрылыстың жоғарғы бөлігінде ауыр техникалар мен мөлшерленген салмақтан бірнеше есе ауыр материалдар төселген. Сондай-ақ, жоғарғы бөлікке шығарылатын бетонды қалыпты жағдайда кезең-кезеңге бөліп құюы керек. Яғни, алдымен бір бөлігін, сосын екінші бөлігін құйып, ортасындағы шелді (бос жерді) арнайы біріктіруші материал арқылы жалғануы тиіс болған. Ал әлеуметтік желілерге таралған бейне-роликтер мен суреттерде құрылыс алаңында арматуралар мен көтеруші темірлер бос жатқан. Құрылыстың жоғарғы бөлігіндегі салмақтың тым ауырлығынан төменгі бөлік (тіреуші темірлер) опырылған.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде көпірдің құлауына қатысты тағы бір бейресми болжам айтылуда. Онда, бетон араластырушы жүк көлігі келіп, құрылыстың қаңқасына соғылған. Салдарынан көпір ортасына түскен. Алайда, айналма көпірдің қирауына қатысты ресми орындар әлі нақты деректер айтпаған.

Қазір оқиға орнында арнайы құтқару қызметі мен бірнеше жедел-жәрдем қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеуде.

...