Тұлға, Адам | 633 қаралды
633 қаралды
Көңілім жабырқау. Айналамдағы адамдар аңқаулығымды, қолымның ашықтығын біліп, пайдалануды ғана біледі.
Білем, керек кезде жоқ деген сөзді айта білуім керек.Бірақ ол есімнен шығып кете береді.Басқа не істеуге болады?)
Уақыт деген зымырап өте береді,
Бәрі де сол уақытпен өзгереді,
Білмесеңіз біреудің алдағанын,
Ренжімеңіз,
Бір жаратқан бәрін де өзі көреді.…
Бәрі қасқыр,бәрі алда келеді.
Мен аңқаумын,соған жыным келеді,-
Деп жазғырма ешқашан сен өзіңді,
Кім болсаң да,Аллаһ өзі шешеді.
Мықты!Көп рахмет!Шыңдала бер!))
Таза болсын жүрегің,пәк болсын,
Ойыңызда арам ойлар болмасын,
Айтпасаң да <жоқ> деген сол бір сөзді,
Сол алдаған адамның жолы болмасын!
Рахмет!)
мен де сондаймын
мхм))…………………

7 жауап

Ешқандай қулық-сұмдықтың болмауы, басқалардың бәрі тек адал ниетті, шынайы адамдар деп ойлайтыныңыз сіздің қаншалықты кіршіксіз екеніңізді білдіреді. Басқа адамдарға деген ойымыз-біздің шын келбетімізді айқындайды. Сіздің пейіліңіз кең, жүрегіңіз ақ екенін, аузын ашса жүрегі көрінетін, жұмсақ жүректі адам екеніңізді көрсетеді.Басқалар қасқыр бол деп айта береді. Әлемнің, адамзаттың азғындағаны қасқырлар мен қасқыр болғысы келетіндердің кесірі. Сіздің аңқаулығыңызды, ақ көңіліңізді пайдалана берсін. Ештеңе етпейді. Ондай адамдарға бола өзіңіздің осындай керемет болмысыңыз өзгерсе, сізді пайдаланған адамдарға ұқсап кетпейсіз бе? Осы қалпыңызды сақтап қалыңыз... Қазір ортамызда сіздей адамдар онсызда аз...

 

ZhanNaraның Шам туралы әңгiмесi кетiптi пiкiр қосайын. Шамға ұқсаудың қажетi жоқ. Себебi, Жан-жағына пайда тигiзе бермек бiрақ, онымен қоса өзi де ада бола бермек.
Freedom, адамның бәрі шам сияқты. Ақыры бір күні сөнеді. Жайдан жай сөніп қалғанша, айналаңа барынша жарығыңды шашып барып сөнген жақсы емес пе?!
Ерте сөнесiң, 18-гүлiңнiң бiрi ашылмай.
ккк))) маңыздысы уақыт емес, мағына)
Күлкiң ғажап екен. Вкада, барсың ба? Барсың ба?
Жеке кабинеттеріңізде танысасыздар ма? мына жерге пікір жазылғасын жалтақ-жалтақ қарай бермейік)
Жоқпын ол жақта)) Анонимді қолданушы, мазаңызды алсам кешіріңіз!!
Тек қана алға жылжыңыз.Ешқашан мен осындаймын деп артта қалып қоймаңыз,бірақ бұл қасиетіңізден айырылмаңыз.Қолыңыз ашық болса жүрегіңіз де ашық болмақ.Жоқ деп айта білу керек,әрине,тек жаман нәрсе болса ғана.Сізді біреу алдаса да,біреуді ешқашан алдамаңыз.Бұл өзіңізге жақсы.Бір кезде жұмсақ,бір кезде қатты бола біліңіз.Біреудің алдағанын байқасаңыз да,оларға ештеңе демей жүре беріңіз.Мен сізге артта қал демеймін.Керісінше адамдарға пайдаңыз тисін.Сізді біреу алдаса және соны біліп тұрсаңыз,сен мені алдадың деген сияқты заттарды айтпай-ақ қойыңыз.Оның алдағанын тіпті сіз білмей қалсаңыз да Аллаһ көріп тұрады.Менің негізгі айтар ойым:Мына керемет қасиетіңізден айырылмаңыз,мен аңқау болыңыз демеймін,ашық-жарқын ақ-көңіл болыңыз.Менің мына сөздерім мүмкін сізге әсер етпейтін шығар,Бұл жай айтып отыр екен деп ойлайтын шығарсыз,бірақ мен өз ойымды айттым.…
Сіздей адамдар өмірде саусақпен санарлық.Сөз сүйектен өтеді деген сөз бар ғой қазақта.Сөзді сүйектен өткізіп,жақсы айтыңыз.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Көп рахмет!
Бірінші өзіңді қүрметте, аңқаулық қазақ деген елдің қанында бар, тек ғана сеннен емес бүкіл қазақстаннан пайдаланып жатырғо басқа елдер,  сол ұшында қашан басың тасқа тійгенші болмысым сондай деп жүребермей керек жерінде өз орныңды білдіріп қой !!!

Өмірдің Шындығы сол "  Өзіңе өзің жәрдем бермесең ешкім жәрдем бермейді "

Тағы бір шындық  " Адам - қорққан адамын ғана сыйлайды "
Шындық көп адамға жақпайды дегеніда шындық екенғо !!!
Қай жері кімге шындық? )))
Брилл мінезіміз ұқсас екен.

Интроверттер сондай болады.
Осылай жүре бер сабыр етiп, бiр күнi өзi шегiне жетiп тақалады. Сол кезде шығасың ПИЗДУХУН ШВАЙН деп Гитлер атаңа ұқсап.
Бұл сайтта Гитлер сабыр сақтап жүріп, басқалар оны пайдаланғандықтан ашуға мініп соғыс ашқан "періште", Путин әлемдегі ең "адал", халқын жанындай жақсы көретін "көсем"... Айтарға сөзім жоқ)))
Да ну.................
қысылы қысыла қыз болдым депті. өйтіп жүре бермей алдаған адамның бетіне айту керек. келесіде сеннен аулақ жүреді.
Жакында Мотиватсалык кушти трениг отед катысып корниз менде барп журм сурактарынызга жауап табасыз  m.a.motivatsyalk_kyrs инстадан дайркке жазныз
118,176 сұрақ
304,762 жауап
153,296 пікір
67,013 қолданушы