Иә, дұрыс айтасыз. Сізбен келісем. Мұсылман болсақ та, қазақ қалпы мен салтын жоғалтпаған мұсылман болайық. Дін бөлек, ұлт бөлек нәрсе ғой. Ата-бабаларымыз кимешек-шылауыш киген, бірақ хиджап кимеген, сәнімен сақал қойған, бірақ қауға сақал өсірмеген. Көзі ашық адам болса мұсылмандардың имиджі неге әлемде осылай қалыптасып бара жатқанын, неге біреуіміз хиджап киіп, сақал өсіріп, екіншіміз оларға үрке қарайтындай етіп қойғанын түсінетін болар. Бұл бөлінуге бастама болуы әбден мүмкін. Арандап қалмайық. Адасып қалмайық. Ата-бабаларымыз салған жол қазірге дейін жамандыққа апарған жоқ, коммунистік кезеңде де дінімізден безінген жоқпыз. Сол жолмен жүре берейік.