+2 дауыс
1.5k көрілді
Жылқыны қазақтар қалай бөлген. Жылқы жас аралығы. Аттың жас аралығы?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жылқының өмір сүру кезеңдер

Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады.  Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген.  Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

Жылқы төлдерін былай бөледі:

  құлын (биенің жас төлі),

  жабағы (6 айдан асқан құлын),

  тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:

  құнажын байтал (2 жастан асқаны),

  дөнежін шығар (3 жастағы байтал),

  дөнежін байтал (3 жастан асқаны),

  бесті бие (4 жастан асқаны),

  қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),

  кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),

  жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:

  құнан айғыр (2 жастан асқаны),

  дөнен айғыр (3 жастағысы),

  сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),

  бесті айғыр (5 жастағысы),

  сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
...