0 дауыс
612 көрілді
Бәріне сәлем!! Ағылшын тілін қалай үйренуге болады?

2 жауап

0 дауыс
Мына сайт арқылы оқып үйренсен болады    http://lingualeo.ru/
0 дауыс

Фильмдер мен сериалдарды тамашалау арқылы тілді тез үйренуге болады. Себебі оларда адам өміріндегі ең көп қолданыстағы диалогтар жинақталған. Алайда тілді енді үйренушілерге фильмдерді субтитрсіз көру қиынға соқпақ. Назарларыңға пайдалы 10 сервисті ұсынамыз.

1. Puzzle English

  • Платформа: веб.
  • Бағасы: жылына 2 990 рубль.

Puzzle English — ағылшын тілін үйренуге арналған топтамалы сервис. Дәрістер, жаттығулар мен ойындардан бөлек, мұнда ағылшын тіліндегі 46 сериал мен 512 фильм жинақталған. Олардың барлығын жылдық жазылымнан кейін онлайн көре аласыз.

Сервис видеоны екі тілдегі субтитрмен көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оның жылдамдығын арттырып немесе баяулатуға болады. Видео сапасы орташа, Full HD-ден төменірек. Қолданушылар үшін арнайы “аудармашының” қызметі бар. Қажет сөздің үстінен шертсе, сөз аударылады. Таныс емес сөздерді жеке сөздікке жинап отыруға болады. Кейін сол сөздерге қатысты жаттығулар орындай аласыз.

2. Ororo.tv

  • Платформа: веб.
  • Бағасы: тегін немесе айына 299 рубль.

Жоба каталогында ағылшын тіліндегі 3 000 астам фильмдер мен сериалдар бар. Олардың қатарынан соңғы шыққандарды да, ескі фильмдерді де таба аласыз.

Бір мезетте бірнеше тілдегі субтитрді қоса аласыз. Сондай-ақ видео жылдамдығын да басқаруға болады.

Тәулігіне 45 минут видео көріп, 50 сөзді тегін аудара аласыз. Одан кейінгі қызметтерді ақы төлеу арқылы қолдануға болады. Жазылушылар видеоларды онлайн ғана емес, интернет жоқ кезде де видеоны жүктеу арқылы көре алады.

3. Hamatata.com

  • Платформа: веб.
  • Бағасы: тегін

Сервистің негізі ерекшеліктерінің бірі: мұнда өзінің меншік контенттері жоқ. Тек өзге ресурстардан видеоларды жүктей аласыз. Оларға жүктелген соң субтитр қосылады.

Hamatata.com Яндекс, Google сервистерін қолданады. Бұдан өзге де аударма жүйелерін пайдалануға болады. Оның ішінде LinguaLeo сөздігі де бар. Сервистің барлық қызметтері тегін.

Дәстүрлі видеосервистер

«Google Play Фильмдері», iTunes, Netflix, ivi және Okko сервистерінің видеоконтенттері де ағылшын тіліндегі фильмдер мен сериалдарды субтитрмен көрсетеді.

Сервистерге байланысты олар тегін немесе ақылы болуы мүмкін. Бірақ түгелдей дерлік видеоны Full HD-де көрсетеді.

4. iTunes

  • Платформалары: macOS, iOS, Windows, Apple TV.
  • Бағасы: әр фильм мен сериалдың бағасы әртүрлі.

iTunes барлық Apple құрылғыларына қолжетімді. Windows қолданушылары арнайы клиент орнатып барып қана видео көре алады.

5. Google Play Фильмдері

  • Платформалар: веб, Android, iOS, Smart TV.
  • Бағасы: әр фильм мен сериалдың бағасы әртүрлі.

Google көрермендерге фильмдердің үлкен жинағын ұсынады. Бағалары iTunes-тен қарағанда арзанырақ.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...