0 дауыс
20.9k көрілді
Бағдарламалау тілдері және оның түрлері? Бағдарламалау тілі, түрлері, қызметі, жіктелуі. Алгоритм ұғымы, түрі, түрлері, блок схема түрінде сипаттау. Турбо Паскаль тілі, тарихы.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең бірінші программалау тілі болып Short Code (1949) саналды. XX ғасырдың 50-ші жылдарында пайда болған жоғары деңгейдегі программалау тілдері болып ФОРТРАН, КОБОЛ және АЛГОЛ саналады. Фортран мен Коблон әлі күнге дейін пайдаланылады, ал Алгол болса бірталай тілдердің (олардың ішінде паскаль тілі де бар) негізгі болып табылады. Кәзіргі уақытта программалау тілдерінің саны бірнеше жүз құрайды. 1970 ж. программалау  әлемінде кемінде екі маңызды оқиға болды, олар: UNIX- операциялық жүйесінің және Паскаль атты жаңа программалау тілінің пайда болуы. Бұл тілді алғашқыда жалпы программалауды оқыту мақсатымен құрастырған Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектебінің Инфрматика институтының директоры, профессор Никлаус Вирт (1968-1971жж). Жаңа программалау тіліне француз математигі, физигі және философы, көрнекті ғалым Блез Паскаль (1623-1662жж) есімі берілді. Кейіннен осы тілдің бірталай түрлері және толықтамалары пайда болды. Олардың ішінен кеңінен таралған BORLAND компаниясының Turbo Pascal – пакеті. Программа құрастырудың сапасымен жылдамдығын арттыру үшін 80-ші жылдардың ортасында Турбо Паскаль атты программалау жүйесі дүниеге келді. Турбо деген сөз Borland International.Inc. (АҚШ) фирмасының сату таңбасының бейнеленуі.Сонымен қатар Turbo Pascal тілі компьютерлік графиканы пайдалануға, дыбыспен жұмыс істеуге, жүйелік программалауға үлкен мүмкіндіктер береді. Бүл тілдің программистер арасында кеңінен таралуына  келесі себептер болды: Паскаль тілі өзінің икемді сипатталуына байланысты оқушылардың игеруіне  өте оңай және жылдам.Алгоритмдердегі концепцияны программа түрінде бейнелеуге түрлі программалық құралдар мен мүмкіншіліктерін ұсынады. Программада пайдаланатын айнымалылардың алдын ала сипатталынуы, программа, орындалмай түрып компиляция кезеңінде оның үйлесімділігін тексеру т.с.с. Паскаль – программаларының қасиеттері программаға деген “сенімділікті” арттырады. Паскальда қарапайым және икемді басқару құрылымдарының пайдаланулы: сызықтық, тармақталу, қайталану. Паскаль тілінің құрушысы Н. Вирттің айтуы бойынша: “…Паскаль тілінің тәжірибелік пайдалануы оның құндылығын әйгі етіп көрсетті: — бұл тілде программа түзудің өте оңай екендігін; программаның жұмысын жөнге салудағы икемділігін; көптеген тәжірибелік мәселелердің шешімін тиімді жолдармен табу үшін ұсынылатын Паскаль тілінің техналогияларын, т.с.с…”. Бұл тілді Н. Вирт біріншіден- программалауға жүйелік бапты енгізіп, автоматты түрде программа мен мәліметтердің бірлігін тексеру мақсатымен құрды, екіншіден- жаңа компьютерлік мәдениетті игерудегі оқу құралы ретінде. Паскаль тілінің маңызды ерекшелігі болып бұл тілдегі оператор мен операндтың бір- бірімен байланысы, яғни кез келген оператор тек белгілі бір операндтар тобына тән болады. Бұл жерде операндтар деп операторлар  арқылы түрлі өңдеуге түсетін бастапқы мәліметтерді атаймыз. Осының жалғасы  — Паскаль тіліндегі мәліметтермен айнымалылардың типтеліну концепциясы болады. Типтеліну коцепциясының мағынасы неде? Көптеген программалау тілдерінде операторлардың әрекеттеріне байланысты барлық бастапқы мәліметтер бірнеше класқа немесе типтерге бөлінеді. Сондықтан тілдің барлық операторлары да өздеріне тән типті мәліметтермен жұмыс атқара алатын болады. Сонымен операторлар тобы мен операндтар тобы бір- бірімен нық байланысты болатын тіл элементтерін құрайды. Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тілінде программа жеке — жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір — бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс — әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке — жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.Деректер — сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.Дерек енгізу — бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе еңгізу — шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады.Операциялар немесе амалдар — берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.Цикл — белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.Көмекші программа — алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.Түсініктеме — программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.
...