Жалпы футболдың қазіргі таңда әлемде алатын орны ерекше. Қазақтар футболға қызықпайды емес, мүмкін ойнамайтын шығар. Шетелдік легионерлерді шақырту дұрыс емес деген пікірге қосылмаймын. Өйткені легионерлердің болуы әлемдік футболдағы үйреншікті жағдай. Мысалы футболы жоғары дамыған Европа елдерінің барлығында сырт елден келген ойыншылар жетерлік. Тек футболды дамытамыз деп әр нәрсеге ұрынғаннан көрі, футболды ұлттық идеологиямыздың бір бөлігіне айналдыру қажет. Өткен жылғы әлем чемпионатын көзбен көріп келген "Жас Алаштың" тілшісі: "Бразиялияда бірінші дәрежелі спорт бұл - волейбол, ал футбол ең басты ұлттық құндылықтардың бірі екен" - деп жазған болатын. Ол дәрежеге жеткізе алмасақ та, бүкіл қазақ елі болып, шамамыз келгенше футболды насихаттауымыз керек шыгар. Теледидарда чемпиондар лигасының ойындары болса жабылып көріп, айта-айта жүреміз, ал Қазақстан құрамасы ойнаса елеусіз қалып жатады. Европаның алақандай елдері әр кезеңдерде бір серпіліс жасап әлем чемпионатына, еуопа чемпионатына қатысып жатады. Мүмкін солармен тәжірибе алмасу дұрыс болар.