0 дауыс
3.0k көрілді
Әннің авторы қандай жағдайда шығарғандығы туралы айта кетсеңіздер. Өсек түрінде естісеңіздер де маған қатты  қызық болып тұрғаны! (giggle) Қандай да болса нұсқалары жарай береді.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
- Ғаділбек, сіздің орындауыңыздағы «Есте сақта» әні қазір өте танымал болып тұр. Осы әннің шығу тарихын білгіміз келеді…
- Әнді әуелі интернет арқылы таптым. Ә дегеннен-ақ ән де, оның орындаушысының дауысы да керемет ұнап қалды. Лаура есімді дос қызым бар еді, екеуміз туындыны қайта-қайта қойып тыңдадық. Қатты қызыққаным соншалық, ән құлағымнан кетпей жүрді. Бірақ осы әнді өзім орындаймын деп ойлаған жоқпын. Бірде Талғат деген досыммен әңгімелесіп отырғанымызда, ол ішкі сырын ақтарып, сүйген қызының басқа жігітке тұрмысқа шығып кеткенін айтты. «Мен әнші емеспін ғой, әнді сен шырқайсың. Сондықтан менің тағдырымды әнмен өрнектеп, жан-дүниемдегі қимастықты, оны шын сүйгенімді, ендігі жерде оның бақытты болуын тілеп, тек қана жанашыр болып қалатынымды жеткізіп берші. Осындай тақырыпта ән жаздыршы. Бұл менің басымда ғана емес, көп адамның өмірінде болатын жағдай ғой» деп өз өтінішін білдірді. Сонымен, көп ұзамай бірнеше жігіт болып Аякөзге жол тарттық. Ортамызда семейлік айтыскер ақын Ринат Зайтов бар. Пойызда келе жатып Ринатқа әлгі әнді тыңдатып, досымның басынан өткен жағдайды түсіндіріп, «осы мағынада өлең жазып бер» деп қолқа салдым. Сәтін салғанда, мәтін тез дайын болды. Ең бастысы, әуенге сай келіп тұр. Алла нәсіп етіп, жыр жолдары қарапайым әрі мағыналы болып төгіліп түсті. Не керек, жаңа шығарманы жол бойы айтып бардық. Барғаннан кейін де, қайтып келе жатып та аузымыздан тастамадық. Алматыға келген соң, Қуаныш Құрманбаев деген талантты әрлеушіге өңдеттім. Сөйтіп, ән біз күткендегіден де асып түсті. Мен де, досым Талғат та, Ринат та риза болып, бәріміздің көңілімізден шықты. Халық та жаман қабылдап жатқан жоқ.


- Жақында «осы әннің жалғасы шығыпты» деп естідім…
- Жалғасын жазайын деген жоқ едік. «Есте сақта» жарыққа шыққаннан кейін «Самал» тобындағы Ақжан, Самал деген інілеріміз маған бір ән ұсынғылары келетінін айтты. Өзіміз бұрыннан ағалы-інілі болып араласатынбыз. Әнді тыңдап көрсем, жүрегіме жақын келіп тұр. Олар  «Ән осы, мәтінін өзіңіз көрерсіз» деді. Содан «алтын шыққан жерді белден қаз» деп, сол баяғы Ринатқа бардым. Ол «Күзгі жаңбыр» деген өлең жазып берді.

Қайырмасында:
- Жылама жаным, кіналамағын,
Тағдырыңның сені мұңды еткенін.
Жылама жаным, атады таңың,
Сенің де келер бір көктемің…
деген сөздері бар. «Тірі адам тіршілігін істейді» дегендей, сүйген адамың тұрмысқа шығып кеткенменен де, оның ары қарай бақытын тілейсің. Қолыңнан келетіні сол ғана. Бірінші ән сәл өкініш болса, екінші ән жұбату сияқты. Жақын уақытта өңдеуден өтеді. Осы екі әннің біріне клип түсіруді көздеп жүрмін. Содан кейін тыңдармандарыма ән жинағымды тарту етпекпін.

мына жерден алдым [сілтемесі][1]


  [1]: http://www.dastan-studio.kz/?p=2028
...