0 дауыс
823 көрілді

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің әрбір сыңарына талдау жүргізіңдер?

Үлгі;жас кезінен күшті болған-бағыңқы сыңары шығыс септігінде тұрған есім сөз,басыңқы сыңары күрделі етістік.етістікті меңгеру.

Қажымұқан

Қажымұқан  жас кезінен  күшті  болған. Бала кезінде  жалшылықта жүрген. Оның  күшіне ел таң қалады екен.

Қыстың қақаған  шағында  бала жігіт  отынға  барыпты. Шанаға  жеккен  аты  қарға  омбылап,  мұзға  тайғанақтап,  мергітіп қалыпты.  Мертіккен  атты шанаға  көтеріп салыпты да, аттың  қамытын  мойнына  іліп, шананы  ауылға  өзі сүйреп келіпті. Содан бастап  оның  атағы елге жайылыпты.

Атақты палуан  Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша  елдеріне  барып,  өнер  көрсеткен.

Қажымұқан  өмірінің  соңғы жылдарын  Шымкент  облысында  өткізді. Осы күнгі  Бөген ауданы оның  қартайған  кездегі  құтты мекені  болды.  Қайда  жүрсе де  елдің  құрметіне  бөленген  адам  әрқашан   бақытты.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...