+1 дауыс
3.7k көрілді
Мектептің 1 (бір) орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ІІ деңгейлік біліктілік арттыру курсына басқа қалаға мектеп басшысының бұйрығымен 3 (үш) айға оқуға жіберілді. Курсқа жіберілген мұғалімнің апталық сабақтары басқа орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне ауыстырылым (замен) ретінде берілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 «Еңбек кодексі» 152 – бабының 1 – тармағында ...

Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады... –деп көрсетілсе,  осы Кодекстің 40-1-бабында... Қызметкерге оның жазбаша келісуімен еңбек шартында айқындалған жұмыспен қатар, осы Кодекстің 131-бабына сәйкес қосымша еңбекақы үшін басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару тапсырылуы мүмкін. Қызметкерге басқа лауазым бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс лауазымдарды қоса атқару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Қызметкерге өзінің лауазымы бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс қызмет көрсету аймағын ұлғайту жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін еңбек шартында айқындалған жұмыстан босатпай орындау үшін, қызметкерге басқа, сондай –ақ сол өзінің лауазымы бойынша қосымша жұмыс тапсырылуы мүмкін. Қызметкердің қосымша жұмыс атқаратын мерзімін, жұмыстың мазмұны мен көлемін жұмыс беруші қызметкердің жазбаша келісуімен белгілейді. Басқа тарапты үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда ескерте отырып қызметкердің қосымша жұмысты атқарудан мерзімінен бұрын бас тартуына, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін мерзімінен бұрын жоюына құқығы бар....- деп көрсетілген.

Сонымен қатар осы Кодекстің 131 – бабында ...Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін қосымша ақылар мөлшерлерін қызметкерлермен келісе отырып белгілейді... деп көрсетілген. Осы қолданыстағы Еңбек Кодексінің 152 – бабына сәйкес курсқа кеткен мұғалімнің жұмыс орны мен жалақысы сақталып, оның орнына сабақ берген мұғалімге апталық сабақтары ауыстырылым (замен) ретінде жалақы  3 (үш) айға төленген.

Алайда «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 Бұйрығымен бекітілген Ереженің 14 – тармағында .... Ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің (оқытушылардың) міндеттерін орындау тәртібімен орындалған жұмыс сағаттары үшін ғана беріледі.

Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын басқан күннен бастап осы Ереженің 9-тармақта көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді... – деп жазылса, осы Ереженің 15-тармағында ... Оқу жүктемесімен толық қамтамасыз етілмеген мұғалімдерге қосымша оқу жүктемесінің шарттары кезінде жалақы ставкасы белгіленген жүктеме нормасын басқа педагогикалық жұмыстармен толықтыратын мынадай жағдайларда:
бейнелеу өнері, музыка, ән және дене шынықтыру сабақтарын маман педагогтарға бере алатындай жағдай жасалған жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне;

Денсаулығына және басқа себептерге байланысты дене тәрбиесі және ән сабақтарын жүргізе алмайтын жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне;
шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне, дайындығының шама-шарқына байланысты шетел тілінен, қазақ және орыс тілдерінен сабақ жүргізе алмайтын ауылдық қазақ және орыстан басқа ұлттар бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне;

Орыс және басқа ұлттардың (қазақтық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне;

Қазақ және басқа ұлттардың (орыстық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің орыс тілі мұғалімдеріне;

Селолық мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдеріне, алыс жерлерге орналасқан мектептердің шетел тілінен сабақ беретін мұғалімдеріне, оларға төленетін толық ставка есебіне дене тәрбиесі жөніндегі (дене тәрбиесі мұғалімдері үшін) сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру, жазба жұмыстарын тексеру және сынып жетекшісі (шетел тілі мұғалімдері үшін) міндеттері (міндеттердің бір бөлігі) қоса жүктелген жағдайда, толық төленеді.

Басқа педагогикалық жұмысқа:
денсаулығына байланысты мектепке барудан босатылған оқушылармен үйде сабақ өткізу;
жоқ мұғалімдердің орнына сабақ беру;
ұзартылған күн тобында тәрбие жұмысын жүргізу;
басқа оқу-тәрбиелік жұмыстар жатады.

Осы Көрсетілген  Ережедегі 14, 15 –тармақтарына сәйкес 3 (үш) айға курсқа кеткен мұғалімнің орнына ауыстырылым (замен) ретінде сабақ берген мұғалімге толық сағат төленуі қажет пе ?, алде Еңбек кодекстің 40-1, 131, 152 – баптарына сәйкес курсқа кеткен мұғалімнің жұмыс орны, жалақысы сақталып, орнына сабақ берген мұғалімге ауыстырылым (замен) ретінде ғана төленуі қажет пе ?

Алде курсқа кеткен мұғалім мен ауыстырылым (замен) ретінде сабақ берген мұғалімге екеуіне де толық сағат болып төленуі қажет пе ?

Жауап бергендеріңіз үшін алдын – ала рахмет.

4 жауап

0 дауыс
Мен түгел оқып шыққан жоқпын. Мұғалімсізбе? Онда сізге ақшаны курсқа кетуіне байланысты мынанша сағатты мынау өтті деп директор бұйрық шығарады. Сосын аласыз ақшаны.
0 дауыс

Саламатсыздарма сиздерге қояр сұрағым бар еді?!  Мен мұғаліммін. 3 айлық курсты битирген. 2012 жылдың Қыркүйек-Қараша айлары аралығында битрдим! Тест 3 желтоқсанда өтті. Қортындысы 24 желтоқсанда шықты. Ал,  Сертификатты 2013 жылдың ақпан айынның 14 күні алдық. Сертификатта 4 ақпанда берілген күні делінген. Маған 2013жылдың ақпан айынан бастап үстеме ақы 30 пайыз төленіп келеді, күні бүгінге дейін.  Сұрақ: Сертификат алған күнен бастап төлену керекпе алде, 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап төлеу керекпе? Кру тексеру кезінде біздерге сертификат алған күнен төленбейді қыркүек айынан бастап төлену керек деп төмендегі заңнаманы басшылыққа алып отыр. Заңнамада нақты солай деп жазылмағаны анық көрініп тұр. Осы қалай?

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5148 болып енгізілді.

Заңнамада

6. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне көбейтуді,
сондай-ақ қосымша ақы мен үстемеақының кейбір түрлерін
белгілеу тәртібі

40. Үкімет қаулысымен белгіленген нақты оқу жүктемесіне байланысты көбейтудің, қосымша ақы мен үстемеақы:

40-тармақ мынадай мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін;

16) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттырудан өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктілік деңгейі үшін».»; делінген.

0 дауыс
Пән мұғалімі ретінде 3 айлық курсқа барсам директордың тәрбие ісі жөніндегі лауазымыүшін жалақы сақтала ма?
0 дауыс
Салеметсиздер ме менин сурагым мынадай мен казир озимнин 11сагатым косымша 18сагат окуга кеткен мугалимнин сагатын бирге общий 29 сагатпен журм информатика сабагынан. Енди маган ана 18 сагаттын жартысы толенед деген калай қыркүйек айынын басынан сабак берип журмин. Жартысы толенед деген зан бар ма
...