+2 дауыс
24.8k көрілді
Аяқтың ісінуі жүрекке байланыстыма?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер аяқтың ісуі күн сайын қайталана беретін болса, ол қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Сон­дықтан тез арада дәрігерге қаралуыңыз қажет.

Аяқ көбіне аяқтағы қан айналымының бұзылуынан іседі. Ол түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы, аз қимылдайтын, бір орында ұзақ отырып жұмыс жасайтын, аяқ киімі жайсыз, әсіресе биік өкшелі болса аяқ ісінеді. Сондай-ақ аяқтың ісуіне венаның түйнеліп кеңеюі, жүрек жетімсіздігі, гормоналды өзгерістер, бүйректегі және лимфа жүйесіндегі проблемалар да соқтыруы мүмкін.

Егер аяғыңыздың көп ісінетінін байқасаңыз терапевт-дәрігердің көмегіне жүгінуіңізге болады. Ол сізді қарап, кардиолог немесе басқа маманға жіберуі мүмкін. Аяқ ісуінің алғашқы себебін неғұрлым тезірек анықтасаңыз, одан соғұрлым ерте арыласыз.

Жүйелі түрде спортпен айналысып, аяққа дұрыс күтім жасай білсеңіз аяқ ісуінің алдын алуға болады. Шалқалай жатқан­ күйде «велосипед» жаттығуын жасасаңыз, аяқтағы қан айналымын жақсартады. Тіпті жұмыс орнында отырсаңыз да уақыт тауып, аяғыңызды уқалап қойсаңыз, ол да аяқты ісірмейтін амал болып табылады. Сонымен қатар тамақ рационыңызға да өзгерістер енгізуге тура келеді. Әр түрлі тұзды, сүрленген тағамдардан, алкогольді ішімдіктерден бас тартқаныңыз жөн. Бұл тағамдар ағзада артық сұйықтықтың жиналуына себепші болады. Кофе ішкенді ұнататын болсаңыз, оны түрлі емдік шөптен жасалынған шайларға алмастыруға болады. Бірақ шамадан артық қолданбаңыз. Маусымында керемет несеп айдағыш болып саналатын дарбыз бен қауынды да жеп қалыңыз. Алайда сағат 16:00-ден кейін құрамында суы көп жеміс -жидектер мен түрлі сусындардан бас тартқан жөн.

Сондай-ақ теңіз тұзы қосылған ванна қабылдау да аяқтың ісігін тез қайтарады. Ол үшін «тазикті» жылы суға толтырып, оған теңіз тұзын салып, аяғыңызды батырыңыз. 1 литр суға 1 ас қасық тұздан есептеңіз. Талғамыңызға қарай хош иісті эвкалипт, лимон майларын қосуыңызға болады.

Аяқтың ісігін қайтаруға түймедағы қайнатпасы да жақ­сы көмектеседі. Ол үшін 1 литр суға 2 ас қасық түймедағы гүлін қосып, қоңырқай түске енгенше қайнатып, оны 10 минут тұн­дырып қою керек. Дайын тұнбаны сүзіп алып, үлкендеу «тазикке» құйып, оны бөлме температурасындағы сумен ара­ластырып, аяқты 15 минут салып отырыңыз. Кейін аяқты салқын сумен шаю керек.

Жоғарыда айтылған кеңестердің барлығы аяғыңыздың ісігін қайтаруға көмектескенмен оның ісу себебін анықтай ал­майды. Сондықтан дәрігерге көріну артықтық етпейді.
+1 дауыс
Мүмкін ол да, шеткі мүшелердің (аяқ пен қолдың басы) ісінуі жүрек ауруларында, көздің асты ісінуі бүйрек ауруларында кездеседі ғой. Например ревматоидты артрит.. емес шыгар мумкин) тексеріліп кор, егер физиологиялык исину (узак уакыт бир орында отырганда (автобуспен жол жургенде алыска, поезда отыра бергенде, узаө уақыт тұрып тұрғанда, жаяу көп жүргенде) қалыпты ол аяқтың ісінуі. Басқа жағдайда болса тексеріліп кору керек.
...