0 дауыс
Оралхан Бөкей "Қар қызы" қысқаша мазмұнын тауып беріңіздерші өтініш!!!!
17.04.2015 49.2k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Менің «Қар қызы» деген повесім бар. Оның қысқаша мазмұны мынадай: ауылда мал азығы таусылып қалады да, үш жігітті тым шалғайдан трактормен шөп әкелуге аттандырады. Әкелері соғыста өлген, өздері соғыстан соң туған үш жігіт ДТ-54 деп аталатын трактормен 40 градус суықта, діттеген жеріне жете алмай қар шағылдардың арасында адасады, қар тұтқынында қалады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің екі арасындағы мәңгі аяқталмас майдан басталады. Суыққа үсіп, ұйқы меңдеп енді-енді өлейін деп жатқанында повестегі бас кейіпкер Нұржанды Қар қызы келіп оятады. Олардың тірі қалуына себепкер болған - сол аңызға айналған Қар қызы. Ондағы Нұржан - өзім. Бұл болған оқиға, мектеп бітірген соң көп жыл тракторист болып істегенмін. Әрине, Қар қызын түсімде ғана көрдім, сыңсып салған әнін естігендей болғанмын. Бір ойдан оқушы бұл оқиғаға сенбеуі де мүмкін, ал мен сенемін.

(О.Бөкей. Болгарияның «Родопски устрем» газеті қойған сұраққа жауап)

18.04.2015
0 дауыс
Мыне https://123sdfsdfsdfsd.ru/r.html?r=http%3A%2F%2Fecinfinity.kz
08.12.2017
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы