0 дауыс
Мүлік Радж Ананд туралы(өмірбаяны)  керек,қазақша мағлұмат.
17.04.2015 599 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Мулік Радж Ананд (ағылш. Mulk Raj Anand, 12.12.1905 — 28.03.2004) - үнді жазусышы, ғалым.
Ағылшын тілінде жазған. Лондон университетін бітірген (1929 ж.). Философия докторы, Пенжаб университетінің профессоры (1962 ж.). Саджад Заһирмен бірге 1936 ж. Үнді прогресшіл жазушыларының ассоциациясын (АППИ) құрған.
Алғашқы шығармаларында ("Жұғыспайтын жан", 1935 ж.; "Деревня", 1939 ж. т.б.) қара жұмысшылардың, "жұғысуға болмайтын жандардың" - кедей шаруалардың ауыр тұрмысын суреттейді.
Бұдан кейін бірсыпыра шығармаларында Мулік Радж Ананд отарлық өмірдің қалдықтарын әшкерелеп, барлық касталардың тең, әйелдердің құқықтарының болуын жақтайды.
Таңдаулы романдарынан ("Құлдар", 1936 ж.; "Семсер мен орақ", 1942 ж.; "Таң нұры")социалисттік реализм тенденциялары танылады.
Мулік Радж Ананд 1953 жылы Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының лауретаты болды. 1968 ж. Сахитья академиясының сыйлығына еге болды
17.04.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы