+2 дауыс
Жеңілдетілген несиеге көлік беретін қандай банктер бар? Жақында жеңілдетілген несие арқылы нақтырақ 4 пайызбен кредитке көлік алуға болады деп еді. Қандай көлік және қандай банктен алуға болады?
17.04.2015 2.8k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

4-6 пайыздық жеңіл автонесиелерін көріп келдім.
"Бипек-Авто"-ның салонына барып едім, салон базарға айналып кетіпті. Көпшілігі сол жеңіл кредит туралы білгілері келеді.
Мен іздеген машина бір күн бұрын хабарласқанымда 4 млн 100 мың теңге еді. 1 күн ішінде тағы 100 мыңға қымбаттапты.
Сондағы "Сбербанк" өкілімен хабарласқанда білгенім:
- Жылдық пайыз 4-тен бастап. Мерзімі 5 жылға дейін.
- Бастапқы жарна 10 немесе 20%.
- Автокөлікті Жол полиция органдарында рәсімдеу үшін қосымша 40 мың теңге төлейсіз.
- КАСКО деген сақтандыруы бар, ол жылына машина құнының 2% құрайды.

Ойлана келе, бұл жеңіл автокредиттің маған тиімсіз екенін түсіндім. Оның үстіне маған берейін деп жатқан да ешкім жоқ еді, ипотекаң бар деп қайтарып жіберді.

Ернар Бекенов

18.04.2015
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы