0 дауыс
48.5k көрілді

Табиғат туралы өлең шумақтары керек? Табиғат туралы өлең шумақтары, табиғат туралы қазақша өлең, табиғат туралы өлең болса?

қазақстан табиғаты, табиғат

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Абай - Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.

 

Табиғатқа
Табиғатқа,
Тартпай қоймас - Адамдар,
Суда балық,
Көк жүзінде қыран бар.
Жеңе алмайды, тірліктегі - бірлікті
Ашылса да алты алауыз - арандар!
Жер - қайыспас,
Өзі өндірген салмақтан,
Қашпайды ешкім,
Ажал - деген қармақтан.
Өзі жасап,
Жұмақ жердің үстіне
Құтыла алмай келе жатыр - Тозақтан!
Баласымыз,
Ғалымшардың - Жер -деген,
Ғасыр барма,
Көресісін көрмеген.
Қиян - кескі,
Ғажайыптар болса да
Адам бірге жасасады -
Жер - менен!

Бақыткерей Ысқақ

Табиғат заңы
Айнала мұнар.
Ұйтқыған дауыл.
Ақ шаңдақ!
Құйын жүр жүйткіп, асаудай басы
қақшаңдап.
Қара бұлт жылап,
қамығып бетін бсады
Көзінен жиі тынымсыз жерге жас парлап.
Найзағай отпен келеді желді қуалап,
Таңданып іштей бұйығып қана тұр алап.
Бәріне бұйрық беретін өзі болған соң,
Қарайды күліп,
жабықтан ақ күн сығалап.

Мақсұт Неталиев
...