0 дауыс
385 көрілді
Сіз өзіңіз қалаған мамандықты таңдайсыз ба әлде грантқа түсу мүмкіншілігі бар мамандықты(яғни пәнді) таңдайсыз ба? Мысалы мен география таңдайын десем балл жоғары және грант аз, ал биологияда грантқа түсу мүмкіншілігі бар, бірақ бұл пәнде қай мамандық жақсы екенін білмеймін. Медицинадан басқа. Пікірлеріңіз...

2 жауап

0 дауыс
Бастабында оқуға түсу ғана маңызды болып көрінеді. Бітіргеннен кейін не істейтініңіз, таңдаған мамандықпен жұмыс істегіңіз келе ме? Әлде грант деген қазыққа жіпсіз байланып төрт жылыңыз босқа кетіп, мүлдем басқа жұмыс істеп кетесіз бе? Бәрін ой елегінен өткізіп, байыппен ойланып көріңіз! Сәттілік тілеймін)
+1 дауыс
Менің қолымда болса өзім ұнатқан, қалаған мамандықты таңдайтын едім. Себебі, ұнатпайтын мамандықты грант үшін таңдасан ертеңгі күні қандай маман иесі боласын, ал өзіңнің ұнатқан мамандығыңда таңдасаң сол мамандықта өте жақсы оқып, грант немесе квотаны жеңіп алуға болады деп ойлаймын. Өзіңнің қалаған мамандығыңды оқып, грант иесі болып үздік маман болуына тілектеспін!!!
...