+1 дауыс
6.3k көрілді
Краннан аққан хлорлы суды ішу ағзаға зиян емес па? Біздің үйде салқын су ішпек болып, краннан суды ағызсаң сүт секілді аппақ болып хлорлы су ағады. Оны ішкеннен ағзаға зиян емес па?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қалалық жерлерде күнделікті ішіп жүрген суларды қосымша тазартуды талап етеді, су құрамына денсаулыққа пайдасыз хлор, темір қалдықтары (ерітінділері) жиі кездеседі . Бұндай сулар көбіне жай қара темір құбырларымен тұтынушыларға жеткізіліп отыр, ауыз су тұрғын үйлерге татанбайтын құбырлармен (түстіметалл-алюминді-нержавейка, плассмас құбырлар арқылы) жеткізілуі керек және хлор, квасцпен емес сүзбе арқылы тазартылған жөн. Хлор, темір ерітінділері кездесетін суды ішуімізден денсаулығымыз ауруға шалдығып әлсірейді, тіпті адам бүйрегінде тастың жиналуына әкеліп соқтырады . Қалалық жерде ауыз суды тұндырып, сүзбе арқылы өткізіп немесе қайнатып қолданғаны дұрыс.

толығырақ мына жерден оқыңыз

http://bibliotekar.kz/ashy-udy-ta-azhaiyptary-ser-k-tleubergen/zijandy-sular.html
0 дауыс
Лас судан бауырға тас жиналады, бұл өте қауіпті.
0 дауыс
Фильтрден өткізіп, тұндырып, қайнаты барып ішу керек шығар дәл олай хлорлы болса. Зиянына зиян әрине
+1 дауыс
Хлорлы су...әрине зиян...кәзіргі көп су құбырлары пластмастан жасалған.ал сол пластмас мұнайдан жасалады.енді елестете бер.олларға филтрде көмектеспес.су бойына сіңген химялық элементтерді қандай филтр тазарта алады????жалпы мен суды қайнатып ішемін.кәзіргі таңда бәрі зиян.баяғы дәурен өткен."Осы кеткенің кеткенің,ыйығыңда кетпенің"- демекші......
0 дауыс
краннан аққан хлорлы суды үлкендеу ыдысқа құйып, бетін марлямен жауып бір күнге тұндырып қою керек, сонда оның хлоры ұшып кетеді немесе аквафорға құйып қойсаңыз, су тазартылады, одан ішкен судың дәмі мүлдем бөлек, таза болады. Қазір тек крандағы су ғана емес, тіпті дүкендерден алатын тағамдарымыздың көбі зиянды келеді, бірақ адам өз денсаулығына өзі сақ болу керек. Сол себепті өз денсаулығыңызды өзіңіз күтіңіз. Мейлінше химикаты аз тағам тұтынғанымыз жөн сияқты.
...