Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Ар ма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!
Әлем – дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар.– деп ақын Мұқағали ағамыз шын айтқан.
Адамның өмірі бүкіл әлеммен тығыз байланысты. Әлем – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі. Әлем – ол дарқан, кең, құдіретті. Адам өзінің әлемі туралы шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір - құрметін тек жүректен шыққан сырлы сазбен, ойлы әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді. Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып - біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемімен ерекшеленеді. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адам баласының өмірі күн сайынғы оқиғаларға толы. Балалық шаттықпен күлеміз, мұңға батып та үлгереміз.
Қуанамыз, қайғырамыз. Ең бастысы өзіміздің бар екендігімізді сезінеміз. Айналамызға қажет екенімізді білеміз. Өзіңнің керек екеніңді түсінесің. Бұл үлкен қуаныш, бақыт.
Уақыт - шындық безбені,
Алысқа сал көзіңді.
Білу үшін өзгені,
Сыйлау керек өзіңді.
Біздің әлеміміз үнемі өзгеріп отырады. Адам баласы түйсік сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып біледі. Әрине, әлем өрісінің, жаратылыс құбылысының әлі де жете танылмаған аясы кең.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Адам - болмаса, әлем де болмайды. Адам қоршаған әлеммен үйлесілімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады.
Елбасы біз үшін, мен үшін, бүкіл балалар үшін көп игі істер атқаруда. Қазақ халқы: «Болмас елдің баласы, бірін - бірі табалар, болар елдің баласы, бірін - бірі ағалар» - деп бекер айтпаған. Біздің болашағымыз - баладан басталады. Ал бала-әлемді бастайды. Қазіргі балалар қандай болса, келешегіміз де сондай болатыны анық. Қазір бүкіл әлемнің сенетіні - бала.
Желбіреп көкте байрағың,
Артта қап тартқан азабың.
Аман боп ауыл - аймағым,
Айбарың ассын, қазағым.
Тағы бір айтарым, күн келбетті кезеңнің көркі біздің достығымызда, сүйіспеншілікте, айналамызға деген қарым - қатынасымызда осыны да естен шығармайық достар. Біз өмір сүріп отырған әлем - әдемі әлем. Әлем-бізден жбасталады,өйткені сен барсың, ол бар, біздер бармыз. Әдемі әлемге әдемі жандар лайық. Ойдың әсемдігі қажет.
Біз ғаламды шат күлкі – жанарымен көруге құштармыз. Қап қара түннен жарық іздейміз, сұп - сұр бұлттан жаңбыр күтеміз. Төрткүл дүниеге тек қана жақсылық тілейміз.
Біздің алға қойған мақсатымыз өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат, азаматша болу.Себебі әлем бізден басталады!