0 дауыс
1.4k көрілді
Баха-фестивал, рыжи алмас т,б туралы мәлімет керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтан шыққан әйгілі мафиялық топты басқарған Рыжий Алмазды білмейтін адам кемде-кем. Десек те оның ұлтжандылығы, қазақ мүддесі үшін түрмеден бастап билікке дейінгі барлық кеңістікте жанын шүберекке түйіп күрескені жайында көп айтыла бермейді. Оның ұлтжандылығы мейлінше әспеттелмесе де, күндердің бір күні Алмаз ағамыздың рухы асқақталар. Қазақта батырлар көп болған. 90-жылдары қазақ мүддесінің жағдайы қай жерде болмасын мәз емес еді. Биліктегі шенділердің қолы жете бермейтін жерлерде: қылмыс әлемінде, нарықта, базарларда қазақтың мүлкі мен мүддесін Рыжий Алмаз сияқты нарқасқа жігіттер қорғап отырған. Алмазды дүйім жұрт, аты жеті жұртқа әйгілі қылмыс әлемінің патшасы ретінде біледі, десек те Рыжий Алмаздың аузынан кезінде мындай алтын сөздер шыққан және де оны ісімен дәлелдеген: «Мен де ұлтшылмын. Қазақтардың жақсы киінгені, жақсы өмір сүргені, жақсы машиналарды мінгені, жақсы үйде жасағаны маған ұнайды. Мен бұған рахаттанамын.… Мен өзіме де, басқаларға да Қазақстанда жақсы өмір сүру мүмкін ғана емес, міндетті екенін дәлелдегім келеді» (Рыжий Алмаз)

Бүгінгінің әліпті таяқ деп білмейтін парақор ұры шенеуніктері Алмаздың қолына су құюға жарамайды. Алмаз «вор в законе» болса да, өте білімді, интеллектуалды һәм қырағы тұлға болған. Тектілік деген нәрсе бар, Рыжий Алмаздың атасы зұлмат 37 жылдары халық жауы боп атылып кеткен. Тектен-тек атылмағаны белгілі.

Ұлтты сүйіп, осы ұлт үшін жанымыз ашыса, онда Алмаз ағадан да үлгі алсақ болар еді… Мүмкін Төлеген Айбергенов «Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа, Жарқылдаған алмас па?" — деген өлең шумақтарын, осындай қазақтың Рыжий Алмаз сияқты батырына арнаған шығар… Тәңірі біліп және білмей істеген күнәларын кешіре көрсін…

Ержан Алаш

+2 дауыс
мине
...