0 дауыс
8.7k көрілді
Көркем әдебиеттен аралас-курмаласка 5 сөйлем жазу! КОМЕК!!! ОТЫНЕМ!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар.
 «Адам өмірін түзейміз» деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды.
Солардың ойларының мен білетін бастылары: біреулер «адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі» десе, кейбіреулері «үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе - түзеледі» деді.
«Адам өзі жаратқан иесін танумен түзеледі» десе, жарат¬қан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып, Құранды қақпан қып, елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын ойлап қараңыз.
Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуге жәрдем етпесе, азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе, қайтіп өмір сүрмек?
Мен көрген адамдар үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа бітіргені шамалы.
Ақырында, «өмір - тіршіліктің таласы, сондықтан адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған» деген ой негізсіз, өйткені барлық зат, оның ішінде адам жаратылыстағыдан өзгеретіні сөзсіз.
Бәрі бір мәтіннен алынған
0 дауыс
1. Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов)

2. Түн бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып, Ушаков қайта оқып шығып еді, толып  жатқан қайшылықтар көп екен.

3.Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда,  қазақ жұмыскерлері оны «Сары ауыз» деп жүріп еді, қазір сары балшықтың бетін түгел  көмір ұнтағы жауып кетті де, «Қара жыра» атанды.

4. Күн батуға таянғанда, аспан әлемін қара бұлт қаптаған еді, терістіктен соққан күшті жел  жерге бір тамшы да тамызбады.

5. Сабақты жақсы оқысаң, жолдастарың құрметтейді және ата-анаң қуанышқа кенеледі
...