Тісім аурып жүргеніне 1 аптадай болды. Бастапқыда дәрі қойғанда көмектеспеді. сосын қатты сол жақ миымды,басымды,құлағымды ауыртқан соң,әкем обезболивающий дәрі әкелді. Қазір күніне 2-3 рет ішемін. Тіс дәрігерінен қатты қорқамын,оның үстіне барсам да жалғыз баруға тура келетіндіктен,одан әрі қорқамын.. Сосын мамам айтты мүмкін ақыл тіс шығып келе жатқан шығар деп,сосын инеттен іздеп едім,16-23 жас аралығында шығады екен,ауыртып. Сол шығар деп қазір шыдап,дәрімен жүрмін. Бірақ бүгін еті ісіп кетті. Оны қалай бассам болады? (тіс дәрігерінсіз,үйде не істеуге болады ақыл тіс ауыртып шыққанда және еті ісіп кетсе?)