+1 дауыс
1.0k көрілді
Менің жасым 21 де.  Кішкентай кезімнен ұйқыға жақынмын. Уақытша жұмыссызбын . Қазіргі кезде түнде ұйықтауды қойып, азаннан кешке дейін ұйықтауды шығардым. Таңға жуық 5 - 6 да ұйықтасам ,  түскі сағат 3 - 4 те тұрамын. Азанда тұрып бітірем деген жұмыстарым қалып қояды. Ұялы телефонды ұстап жатпасам да , көзімді жұмып жатсам да неше сағат бойы ұйықтай алмаймын. Кеңес беріңіздерші , не істесем болады ?

4 жауап

+1 дауыс
Ұйқы бұзылуының алғашқы белгісі – ерте ояну, ешбір себепсіз, таңертеңгі сағат 4 – 5-те оянып, көпке дейін ұйықтамай жатасыз. Әрине, бұған қатты уайымдасаңыз, немесе одан да бекер берекеңізді кетіретін өмірлік мәселелерді ой елегінен өткізсеңіз, бірдеңе оқысаңыз немесе бөлмеде арлы-берлі жүріп алыңыз, таң атпай ояну дағдыға айналып, соған машықтанып кетесіз. Бұл дағдыдан ертерек құтылуға тырысыңыз. Оянысымен  жамылғыны ашып, денеңіз аздап салқындай бастаса – бұл көбінесе қайта ұйықтап қалуға көмектеседі. Немесе ұйықтап жатқан адамның тыныс алғанындай терең ырғақты тыныстаңыз – нерв клеткаларын тежейтін сыннан өткен әдіс. Ең бастысы, өз ойыңызды жанға жайлы тиетін, көңілді жұбататын бірдемеге аударыңыз. Мұның айтарлықтай көмегі бар.

Басы жастыққа тие ұйқысы ашылып кететіндер де болады. Бұларға беретін кеңесіміз: өзіңізді ұйықтауға күні бұрын әзірлеңіз, жауапты істерді, тебірентетін әңгімелерді, ауыр жұмысты түнге қалдырмаңыз. Әрине, үнемі осылай істей беру де кейде қолдан келмей қалады, бірақ сонда да «жақсы ой таң ата келеді» дегенді естен шығармаған жөн. Күннің екінші жартысынан бастап организмнің жалпы белсенділігі бірте-бірте төмендейді, ми клеткаларының қозғыштығы әлсірейді, сондықтан кітаптар мен чертеждерге ұзақ уақыт үңіле беруге болмайды. Айтпақшы, жұмыс істеуді ойын-сауықпен алмастыру нерв жүйесіне түсетін салмақты жеңілдетеді деп ойламаңыз. Тым кеш болатын киносеанстар, теледидар хабарлары, би, шуылдаған топтар – мұның бәрі миға үлкен салмақ болып тиеді. Ұйқы онсыз да бұзылып жүрсе, артық әсерлерден аулақ болған жөн.

Ойын-сауықты шектеп, кешке қарай үйде болыңыз, ұйықтауға жатудан бір жарым-екі сағат бұрын телевизорды сөндіріп, кесте тоқыңыз, сабырлы әуенді музыка тыңдаңыз. Жатар алдында 10 – 15 минут жарықты күңгірттеп отырған жақсы.

Қайсы біреулер қолына кітап алмай төсекке жатпайды және көпке дейін кітап оқып жатады. Әрине, кітап оқуға болады, айтпақшы, кейбір әйелдердің кітап оқуға басқа уақыты да бола бермейді. Иә, көз жұмыла бастағанға дейін ғана. Осы мезетте кітапты былай қойып, шамды өшіріңіз. Тағы да екі-үш бетті оқымақ болып, ұйқымен күреспеңіз, өйткені мұның өзі нерв клеткалары тежелуін кейінге шегіндіріп, олардың әлсіреуіне себін тигізеді. Төсекте жатып маңызды мақаланы оқуға, шетел сөздерін жаттауға және т. т. мүлде болмайды. Осылай оқу процесінің барысында сіздің миыңызға үлкен салмақ түседі, іс жүзінде сіз жұмыс үстіндесіз, бірақ соның өзінде ұйқымен алысып жатқаныңызды өзіңіз де сезбей қаласыз. Егер осы шаруамен шұғылданатын басқа уақытыңыз болмаса, төсекте жатпай, үстел басына отырып оқыңыз. Қаншама ұзақ отырып қалсаңыз да оның зияны төсекте жатып қалғаннан әлдеқайда кем болады. Жалпы есіңізде болсын: төсекте ұйықтамай жату, ұйқыңыз келгенде оған қарсылық жасау – зиянды, оған машықтанбаңыз.

Тез ұйықтауға жатардан бұрын серуендеу себін тигізеді, ал кейбіреулерге қысқа мерзімді, 3 – 5 минуттық адамды бей-жай тыныштық күйге бөлейтін ванна (судың температурасы дене температурасынан жоғары емес) көмектеседі.

Төсекке жатарда көңілге қонымды, әдемі көріністерді көз алдыңызға елестетіп, соған ой аударуға болады. Ал бейнелі ойлау қабілеті оншама дамымаған адамдардың мынадай жаттығу жасауына болады: көзді жұмып жатып ақ бояумен ақ фонға 3 санын баяулап және бірнеше рет қайталап ойша жазыңыз. Мұның да ұйықтап кетуге тигізетін себі бар.
+2 дауыс
Күндіз тұрған бойдан жұмыс жасаңыз, үй жинаңыз көөп шаршаңыз!!! Түнде 12 ден аспай ұйықтайсыз!!! 1-2 қайталаңыз. қалпына келеді!!!
0 дауыс
Таңға жуық ұйықтама сол бойынша жүре бер түнге шейiн, түнде 11-12-лерде сiлең қатады. Таңертең 7-8-де зорлап тұруға тырыс...
0 дауыс
Сенин омирин алансыз. Уйде ата-ананмен туратын шыгарсын. Саган жумыска туру керек немесе айналысатын бир хобби сиякты тауып ал
...