0 дауыс
430 көрілді
Музыка ойлануға көмек бере ме?

3 жауап

0 дауыс
Дәрігер А.Томатис бір сөзінде "Моцарттың қуаты басқаларға қолжетімсіз. Оның әуендері жанды азат етеді. Шығармаларының шипагерлік қасиеті Моцартты басқа композиторлардың арасында ұлы етіп тұр..." деп жазған екен. Расымен де, сан мыңдаған зерттеуші ғалымдар, медицина қызметкерлері, психологтар аустриялық композитордың шығармаларының өте күшті шипалық қасиеті бар екендігін дәлелдеп шықты. Вольфганг Амадей Моцарттың туындылары таңғажайып құбылыстар жасаған. Қандай дейсіз бе? Бірнешеуімен таныс болыңыз:

Американдық ғалымдар Моцарттың фортепианода ойналатын бір туындысын 10 минут тыңдаған адамның IQ көрсеткіші, яғни, ақыл коэффициенті 8-10 бірлікке жоғарылайтынын анықтаған.

Еуропалық ғалымдар дәл Моцарт музыкасының ақыл қабілетін арттыратын қасиеті бар екендігін айтады. Яғни, оның шығармаларын ұнататындардың да, ұнатпайтындардың да 5 минут тыңдаудан кейін назар аудару концентрациясы (зеректігі) арта түседі екен.

Альцгеймер дертіне ұшыраған адамдар Моцарттың сонаталарынан ем табады.

Композитордың әуендері емдей алатын аурулардың қатарында қояншық (эпилепсия) та бар. Ғалымдар тәжірибелік жұмыстардан кейін Моцарт сонаталарының дыбыстары (әсіресе К 448 сонатасы) эпилепсиялық шабуылдардың санын азайтады деген тоқтамға келді.

Джон Дженкинсон есімді профессор жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарына Моцарт музыкасының 10 минуттық үзіндісін тыңдатқан екен, сонда ол адамдар тыныштық тауып, істен шығып қалған қолдарымен әрекет ете бастаған.

Швеция ауруханаларында болашақ аналарға Моцарт шығармалары тыңдатылады. Швед ғалымдары мен медиктері осы әдіс елдегі бала өлімінің азаюына себепкер болды деп отыр.

Әлемдік дәрежедегі мамандардың тұжырымынша, Моцарт әуендері адам жанына оң әсерін тигізіп, дұрыс сөйлеу, есту қабілетін арттырады екен. Сонымен қатар, басқа шығармаларға қарағанда дәл Моцарт музыкасының есте сақтау, ойлау қабілеттеріне де өте жоғары әсері бар.

Мысал келтіре кетейік, өткен ғасырдың белгілі отоларинголог-дәрігері Альфред Томатиске әлі таныла қоймаған жас актер Жерар Депардье келеді. Ол кезде жас жігіт тұтығып сөйлейді екен және есте сақтау қабілетінің нашарлығын айтып шағымданады. Томатис бір рет тексерістен өткізгеннен кейін, оның оң құлағында ақау бар екендігін анықтайды да, күніне 2 сағаттан Моцарт музыкасын тыңдауға кеңес береді. Көп ұзамай актер сауығып, кино өнерін жаулай бастайды. Ж. Депардье осы бір таңғажайып оқиғадан кейін: "Томатиспен кездескенге дейін мен бірде-бір сөйлемді соңына дейін дұрыс айта алмайтынмын. Ол менің ойларыма жан бітіріп, ойлау қабілетін түсінуге үйретті, дертімнен айықтырды" деген екен.

Моцарт музыкасы адамға өмір де сыйлаған. Бұл оқиға былай баяндалады: Ришилье Луи Франсуа де Виньро есімді маршал 78 жасқа келгенде қатты науқастанады, дәрігерлер оның өлетінін айтады. Өлім тақады-ау деген кезде Ришилье Луи Франсуа соңғы өтініш ретінде өзі сүйіп тыңдайтын Моцарт әуендерінің ойналғанын қалайтындығын айтады. Әуен ойнала бастағанда нағыз таңғажайып орын алады! Оның бетіне қан жүгіріп, жүзі жайнап, сырқатынан айыға бастайды. Күш-қуаты қайта келіп, өмір сүруді жалғастырады. Ол осыдан кейін 14 жыл, яғни 92 жасқа дейін аман-сау жасаған.

Канаданың орталық алаңдарында, көшелерінде арнайы жалданылған музыканттар Моцарт шығармаларын орындайды. Олардың басты мақсаты – адамдардың көңіл-күйін көтеру, көше тәртібін реттеу, көлік апаттарын азайту.
0 дауыс
Мүмкін менімен келіспейтін шығарсың бірақ ойлануға тыныштықтан артық ештеңе көмектеспейді.Ойлануға тырысып отырғаныңда музыка керісінше ойыңды бөледі емеспе
0 дауыс
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының:
«Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй», - деп жырлайтынындай, көптеген әуендер мен әуездер сөзсіз айтылса да адамның ішкі жандүниесіне ерекше әсер етіп, жүрегіне қуаныш, мұң, тәтті арман, сағыныш, іңкәрлік сезімдерін құяды, оны сыры мен жұмбағы мол тылсым бір әлемге қанат қақтырады, қалың ой құшағына бөлейді.

Ұқсас сұрақтар

...