–1 дауыс
945 көрілді
ҚАЗАҚ дегенде ойыңызға бірінші не келеді?

14 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ дегенде маған ең алдымен өткір сөздер, тамаша нақыл сөздер есіме түседі! Сосын кең дала, ат үстіндегі адамдар, киіз үй, той томалақ, жалпы айтқанда Мәдениеті!!!!!!!!"
+2 дауыс
Ен алдымен казактын кара Домбырасы келеди
домбыра қара емесқой.
+2 дауыс
Ең бірінші ойыма киіз үй,домбыра,қазы-қарта жал-жаясы мен қымыз-қымыраны келеді екен.
0 дауыс
Қазақ дегенде ойыма қазақ адамы келеді
Басқа не келуші еді???
Қазақ адамы))))))
+2 дауыс
Есіме ата бабаларымыздың  қылыш алып жауға шапқаны келеді
+1 дауыс
қазақтың жоңғарларды тас-талқан еткені келеді
+3 дауыс
Қазақ дегенде - Бейбітшілік келеді
0 дауыс
. Бурында сураганда мен кушти кушти создер айтар едим ер минезди жигиттер инабатты кыздар казахи рух деп айтар едим казир. .........
мен казир ез жигиттер катынга уксаган. кыздар- кыз сиқы жок. Отирик патриотшыл сосн шала казахтарды корем. Менин пикирим. Без.комент.
Сол шала қазақ қатарына енбей тұрғанда, қазақ әріптерін қолдана отырып жауап берейік.
Алдымен өз туған ұлтыңыздың атауын ана тіліңізде жазыңыз! Сосын барып ҚАЗАҚ деген қасиетті сөз жайлы ойыңызды айта жатарсыз! [Жығылып жатып сүрінгенге күлме!]
+2 дауыс
Қазақ дегенде.. жасыл жайлау, киіз үй, дүбірлі думан, алтыбақанмен тербелген жастар, ауылдың бір жағындағы күрес, қырдың ар жағындағы бәйге, үйдің алдында асық ойнап жүрген балалар, буы бұрқыраған қазан мен құрт толы өренің маңында жүрген аналар, үй ішінде, дастарқан басындағы келелі кеңес, қарасы үзілмей кезегімен келіп жатқан қонақтар.... бір сөзбен айтқанда, жасыл жайлау мен көк зеңгір аспанның ортасындағы бейбіт әрі үндестікке толы өмір елестейді♡
+2 дауыс
Қазақ дегенде әуелі ұлттық киім көз алдыма келеді.
+1 дауыс
Қазақ дегенде ең бірінші киіз үй, домбыра , қазақтың мәдениеті елестейді. өкініштісі  жүрегім қатты ауырады көзіме жас келеді  , ата-бабамның көрген азабы,  қәзіргі бұзылған, ұлтын ұмытқан адамдар есіме түседі. Әттең сол адамдарға тәрбие бергім келеді бірақ шамам жетпейді. Қазақша білмейтін қазақтар есіме түседі.

Желбіреген көк туым , тәуелсіз мемлекет есіме түседі
+1 дауыс
Қазақ дегенде ең бірінші ойыма қазақтардың қанының тазалығы түседі. Бұл қызық естіледі шығар бірақ біз қанның тазалығынан бүкіл әлемдердің ішінде алдыңғы орындардамыз!!!
–1 дауыс
Көреалмаушылық деген қазаққа сіңіп кеткен. Ең бірінші Қазақ дегенде көк туымыз келеді.
–1 дауыс
Менің көз алдыма "+" басатын адамдар елестейді.
ендеше елес болып ғана қалсын
)))))))))))))
...