+1 дауыс
2.4k көрілді
Ұлым бала күнінен мүгедек. Әдетте нотариустар бізге мемлекеттік баж салығын төлетпей қызмет көрсетеді. Жақында бізге нотариустың қызметі қажет болып, мүгедектік туралы анықтама мен Салық кодексінің үзіндісін (542-бап) ұсынған едім. Бірақ нотариус бізге қызмет көрсетуден бас тартып, бұл Кодекстің қазіргі уақытта қолданыста жоқ екендігін айтып, мені кеңседен қуып шықты. Мұндай жағдайда қайда шағымдануға болады?

2 жауап

0 дауыс

Сұраққа Атырау облыстық нотариалдық палатасының төрағасы Гүлнәр МАСАТОВА жауап берді:

– Салық кодексіне өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, «Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату» делінген 542-бап күшінде қалды. Біз бұрынғыша тұрғындардың белгілі бір тобына мемлекетік баж салығын төлетпей қызмет көрсете береміз.

Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар: 
1) жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн; 
2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ, осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн; 
3) жеке тұлғалар - оларға: 

- Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне; 

- егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйiне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына; 
- сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк займдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына; 
- ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін; 
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша; 

5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша; 
6) «Ардақты Ана» атағы берiлген, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша; 

7) Қазақстан Республикасының зелгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн; 

8) «Қазақстанмүгедектерiнiңерiктi қоғамы» одағы, Қазақсаңырауларқоғамы, Қазақзағиптарқоғамы, сондай-ақ, олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
9) онсегіз жасқатолғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар– оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Бірақ бұл жағдайда нотариалдық іс-әрекеттер бала кезінен мүгедек баланың мүддесіне қатысты ма, соны нақтылап алу қажет. Қалай болғанда да бұл әйел бізге, нотариалдық палатаға шағым жаза алады.

0 дауыс
Азаматтардың келесі категориялары  кейбір жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады
(Салық Кодексінің 514-546 баптары)
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер, ерен еңбегі және Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы әскери қызметін өтегені үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталған тұлғалар, 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта  алты айдан кем емес еңбек еткендер (әскери қызметте болғандар) бірақ ерен еңбегі және Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы әскери қызметін өтегені үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталмағандар, мүгедектер, сондай-ақ бала күнінен мүгедек адамның әке-шешесінің бірі – барлық нотариалдық әрекеттер бойынша.
«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» салпыншақтарымен наградталған көпбалалы аналар.
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш деңгейлі Даңқ ордендері мен үш дәрежелі  Еңбек Даңқы,  «Алтын Қыран», «Отан», ордендерімен наградталғандар, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болғандар.
Чернобыль апатында зардап шеккендер және т.б.

Ұқсас сұрақтар

...