0 дауыс
1.6k көрілді
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының қалалары,нақтырақ айтқанда Атырау,Ақтау,Орал және Ақтөбеде орналасқан ірі кәсіпорындар керек. Және сол кәсіпорындар қандай дайын өнім шығарады?

3 жауап

0 дауыс
Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ  өндіруауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы(республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау(49%) және Батыс  Қазақстан (25%)  облыстары. Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай  газ конденсаты кен  орныбар. Бүл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этаншығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау  қаласындағы пластмассазауытының шикізаты. Атырауда полиэтилен, полипропиленжәне пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбе облысындағы хромкені базасында қаражәне түсті  металлургиясалалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпазауыттары жұмыс істейді. Хром кенініңжәне хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никельде өндіріледі.
Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауытыжәне күкірт-бор  қышқылымен минералды  тыңайтқышшығаратын Алға  химкомбинатыбар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Оралжәне Ақтөбеқалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіпсалаларына арналған машинажәне құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентіндекеме жөндеу зауыты, Ақтөбеде рентгенқұрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді.

http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%88%D0%B0%D1%80%D1%83%D0%B0%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B
0 дауыс
Оралда - Зенит деп аталатын кеме шығаратын ірі завод бар.

Ұшақ құрастыратын, спец машиналар құрастыратын завод бар, аттары есіме түспей тұр.

Қару шығаратын завод.
0 дауыс
Атырау

Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облаймақсгаз» КМК, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Атырауоблгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық»

құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы,транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания „Атырау Әуе Жолы“» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды.

Орал

Қаладағы ірі кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және республикалық мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны.

Ақтөбе

Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%,көмірдің 1,4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді,

Ақтау мұнай-химия өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын. Ақтау қ-нда орналасқан. ]]Зауыт]] 243 га аумақты алып жатыр.
...