0 дауыс
70.8k көрілді
Менің түсінбейтінім, үйді есептегенде кейбіреулер айтып жатадығой 15 квадрат метр, 20 квадрат метр деп. Соны түсіндіріп жіберсеңіздер? Квадрат метрмен қалай шығарады?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұны кәдімгідей есептейді.Формуласы s=a *b
Яғни s-аудан;
         a,b-ұзындығы мен ені;
Мысалы:Полың ауданын есептеу.
Егер біздің бөлмеміздің ұзындығы 5-метр,ал ені  3-метр болса =>s=5*3=15
СОНДА полдың ауданы 15 кв.метр.
Ал егер біз стена(ірге)Ауданын есептесек =>Барлық қабырғалардың Ұзындықтарын қосып биіктігіне көбейтеміз.Сонда А+Б+Г+В*h.Мұндағы А,Б,Г,В қабырға ұзындықтары,h биіктік болады.
Мысалы:Бөлме ұзындықтары 5-метр.Ал ені 3-метр болса,Биіктігі 2,5 метр болса =>(5+3+5+3)*2,5=40метр кв.Міне үлкендер осылай есептейді.Меніңше қиын емес.Геометрия оқу керек))
+1 дауыс
Екі қабырғасын көбейте қоясыз десем түсіне қоймайтын сияқтысыз. Сізге қарапайым қалай түсіндірейін. Мысалы: отырған бөлмең ені 3 м, ұзындығы 4 м болсын делік, демек ол 12 кв.метр (1кв метр жан жақ қабырғасы бір метр болатын аудан)
0 дауыс
Фундамент құйғанда кубын қалай есептейді
Құйылатын фундатентің барлық ұзындығын, енін және биіктігін метрмен алып көбейтеді. Көлем= ұзындық*ені*биіктік
0 дауыс
Есік пен терезені жплпы ауданнан қалай алып тастайды
Есік пен ауданның табасыз, Мысалы есік , биіктігі 2 метр ені 1 метр болса, есіктің ауданы=ұзындығы*ені=1*2= 2 квадрат метр, терезе биіктігі 1,30 метр ені 1,40 метр болса, ауданы=1,30*1,40=1,82 метр квадрат. Барлық есіктің ауданын табу үшін бір есіктің ауданын есік санына көбейтесіз, терезелерді де солай табасыз
0 дауыс
Квадрат дегеніміз бір жердің ауданы. Оны табу үшін S=a*b=c деген формуланы қолданамыз .Мысалы:үйдің ені 8м,ал ұзындығы-10м болса.Онда тура сол формулаға суйеніп 8*10=80м квадрат .

Ұқсас сұрақтар

...