Конспект -- латынның конспектус -- шолу деген сөзі , бұл кітап , мақала , баяндама не дәрістің қысқаша мазмұнын жазу , яғни оқығанның қысқаша мазмұны . Жүйелі және логикалық байланысы бар жазба конспект деп аталынады . Конспектте бір уақытта жоспар мен тезистер және көшiрмелер немесе тезистер мен көшірмелер , басқаша алғанда , жоспар мен көшірмелер беріледі.Конспект жазған кезде оның ішкі логикалық мазмұнына ерекше ден қойылады . Алайда конспект жазғанда оның логикалық байланысы мен тілдік байланысын шатастырмау қажет . Конспектiң мынадай түрлері бар . Олар : жоспарлы конспект , мәтіндік конспект , еркін конспект , тақырыптық конспект және схемалық- жоспар . Жоспарлы конспект түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы , ол- сұрақ - жауапты конспекті . Бұл жағдайда сұрақ нысаны ретінде берілген жоспар бөлімшелеріне конспект нақты жауап береді