0 дауыс
4.7k көрілді
Интернетке тәуелділікті қалай қысқарта аламыз? Қазіргі таңда бір күн интернетке кірмей қалсаңыз, құдды бір нәрседен құр қалғандай күйде боламыз. Осы интернетке тәуелділіктен қалай арылуға болады. Интернетсіз күн көруге болады ма?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап


Қазір кейбір адамдар интернет зиян деп шағым айтады және өзінен көруді ұмытып кетеді. Кез-келген нәрсені шамадан тыс пайдалану - зияншылыққа алып келеді. Сол сияқты, заманның жетістігі, интернетті шамадан тыс көп пайдалану да уақыт жоғалту, уақытылы жұмыстардың орындалмауы, денсаулыққа кері әсері сияқты бірқатар негативті салдары айтылады. Бұндай жәйттардың болмауы үшін, адам жеке басының қадағалауы және даму деңгейі басты назарға алынуы тиіс.

Білгілі бір график, дисциплина және тәртіп орнату арқылы адам саналы түрде зиянды факторлардан өзін сақтай алады. Сақтансаң, сақтаймын деген сөзді еске алайық.

Интернеттің зиянды тұстарын тартпаудың екі вариантын ұсынамын.

Біріншісі: саналы түрде белгілі бір уақытты ғана жоспарлап, сол уақытта ғана интернетке қосылу, қосылған уақытта пайдалы және пайдалы емес сайттарға кіру уақыттарын белгілеу;

Екіншісі: интернетте отырғанда өз-өзіңізге ерік беру және барлық сәттерді тіркеп отыру. Бұл үшін сізге арнайы программа көмектесе алады, мысалы: crocotime бағдарламасы. Осы арқылы барлық жиналған деректің нәтижесіне қарап, қанша уақыт қандай сайттарға кетеді, салдарынан қандай пайда, зиян көріп жатырсыз, сол туралы өзіңізге тұжырым жасап, алдағы уақытта нәтиже пайдалы жақтарға өзгеруі үшін, тиісті шараларды қолға ала бастайсыз. Факті ретіндегі оқиғаны көзбен көріп тұрып, саналы түрде келесі жолы бейсаналы түрде интернетте уақыт жоғалтатын әдеттеріңіз ақырындап қысқара бастайды деген ойдамын.

Сөз соңында: адам әрқашан жақсы болғысы келеді, алайда көз алдында факт ретінде келтірілген деректер болмаса, эмоцияға беріліп санқилы нәтижесіз әрекеттерге барады, алайда одан нәтиже шықпау ықтималдығы жоғары.
...