0 дауыс
11.3k көрілді

Кивидің пайдасы мен зияны. Мен киви жедім 1-ші кивиді жеп едім түк болған жоқ сосын 2-шісін жедім ернім ашып қан шыға бастады неліктен. Киви пайдалы болса қандай пайдасы бар,зиан болса қандай зияны бар.

киви өсімдік, киви

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Киви — Қытайда және Қиыр Шығыстың басқа да елдерінде өсірілетін, сондай-ақ Францияда, Италияда, Жаңа Зеландияда жерсіндірілген өсімдік және оның ұсақ түк басқан, үлкендігі алхорыдай, қабығы күңгірт-қоңыр жемісі. Елімізге кейінгі жылдары әкелінетін болды. Бүлінбеген Киви құрғақ, сырты бұжыр, қысып көргенде серпімді, хош иісті болуы керек. Хош иісі болмаса — бүлінгені. Ең дұрысы сол пісіңкіремегенін алып, екі тәуліктей жетілдіріп тұтынған жақсы. Киви негізі өнім емес, оны жеміс-кондитерлік дәмқосар ретінде пайдаланған тиімді

Құрамындағы дәрумендер : С , В2, В3, В9 (фолиевая кислота) , В6 ,А, Е, D, магний,калий,натрий,кальций, темір, фосфор, цинк, марганец.

Оның пайдасы өте көп оны емдік жеміс десек те блады.Ол ағзаның иммунитетін көтеріп,жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартып,ас қорытуды жеңілдетіп,ағзаның стресске қарсы тұру қабілетін күшейтеді және ағзадағы артық натриді шығарады.Сонымен қатар ревиматиз мен ағзаларға тас байланудың,қанның қоюлануының алдын алады.Әйелдерде көбіне бетке жасатын маска құрамында болады.

Киви экзотикалық жеміс оның құрамы жеміс қышқылына бай 1 күнде көп жеуге болмайды және сүт не ағарғанмен қатар жемеу керек.Оны көп жесе алларгия болады.
0 дауыс
Киви – актинидия (Қытайда өсетін мәңгі жасыл жапырақты ағаш) тұқымына жататын өсімдіктің жемісі. Оның құрамында 75 мг С дәрумені, 2,6 г жасұнық, 11 г көмірсу мен 4 мг натрий бар. Киви құрамында калий де бар. Дәрігерлер бұл жемісті ағзаға өте пайдалы жеміс деп есептейді. Мәселен, йод тапшылығы мен гипертониясы бар адамдар кивиді әркез қолданғаны жөн. Жемістің өн бойындағы дәрумендер ағзадағы майды ерітіп, қан қысымының көтерілуіне жол бермейді.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/interested/kividn-agzaga-paydasyi-kop-8781/
...