+2 дауыс
806 көрілді
ҚР-ның 2015-жылдың 1-тоқсаныңдағы ішкі және сыртқы қарыздары туралы статистикалық мәліметтер керек)

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстанның қарызы өсіп барады

Сенаторлар Қазақстанның мемлекеттік қарызының жыл санап ұлғайып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Бобров Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтан  қарызға неге белшемізден баттық деген сұрақ қойды.

«Елдің сыртқы қарызы оның кредиттік рейтингісіне, бизнеске әсер етеді. Министрліктің мәліметі бойынша 2014 жылдың 1 қаңтары бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 4,4 трлн.теңгені құраса, ір жылдың ішінде ол 30% өсіп, 5,66 трлн.теңгеге жеткен. 2014 жылы мемлекеттік қарыз неге өсіп кетті? » деді В.Бобров.

Сенатордың сұрағына жауап берген Қаржы министрі мұны  бюджет дефицитімен және валюта бағамының өзгеріске ұшырауымен байланыстырып отыр. Ал, биылғы жылдың соңында берешек мөлшері тіптен өседі екен.

«Бюджетті оңтайландыру мен валюта бағамының өзгерісін есептегенде, өткен жылы үкімет қарызы 1,2 триллионға өсті. Ал ішкі жалпы өнімді ескерсек тағы 31 млрд доллар қосылады. Биылғы жыл соңында сыртқы берешек 7 триллонға жетеді деп болжап отырмыз. Бұл Қазақстанның экономикасы үшін қалыпты жағдай. Қарызды ешқашан кешіктірген емеспіз», — дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Сенаторлар алдағы жылдардың бюджетін соңғы сүзгіден өткізіп, мемлекет басшысының қарауына жіберді.
Бұл құжатқа сәйкес 2015 жылғы республикалық бюджет шығыстары 7 триллион 244 миллиард теңгеден асып жығылады екен. Оның 101 миллиарды дағдарысқа қарсы шараларға бағытталмақ.

Әрине өседі себебі Қазақстан кредитор елмізғо халық кредиттен құтыла алмай жүрсе мына қарызды төлесе баспанасынан,тұрмыстық заттарынан айырыладығой.
Ия, онымен қоса айыппұлдар, алименттер бар((
...